Күйіс малында липидтер алмасуының ерекшеліктері. Ас қорыту
жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі ерекшеліктер липидтердің
алмасуына айтарлықтай əсер етеді. Мес қарында липолиз жəне липогенез
процестері қатар жүріп, май қышқылдары түрленеді, глицерин мен галактоза
ыдырап, май қышқылдары сорылады. Осының салдарынан ішекке липидтер
күрделі өңдеуден өтіп барып келеді. Орта тізбекті май қышқылдары
қарыннан бірден қанға сіңеді. Ірі молекулалы май қышқылдары, моно- жəне
диглицеридтер көбіне
ішекте сіңеді де, хиломикрондар мен липопротеидтер
түрінде лимфаға, соңынан қанға өтеді. Күйіс малының ішегінде негізінен
олардың денесінің липидтік құрамына сəйкес келетін қаныққан май
қышқылдары сорылады.
Күйіс малы үшін қарында микробиологиялық ферментация кезінде
түзілетін ҰМҚ-ның маңызы зор. Сірке қышқылы липолиз бен липогенез
процестерін теңестіріп тұратын маңызды фактор. Ол май қоймалары мен
желінде
түзілетін
май
қышқылдарының,
ұлпаларда
тотығатын
субстраттардың бастапқы көзі болып табылады. Майлы қышқыл да бауыр
мен мес қарын қабырғасында кетонды заттарға (негізінен бета-оксимай
қышқылына) айналған соң, май қышқылдарын түзу үшін жəне энергия көзі
ретінде пайдаланылады. Сауын сиыр желіні артерия қанындағы ацетат пен
бета–оксибутираттың жалпы мөлшерінің жартысына жуығын, ал
глюкозаның үштен бірін сіңіреді.
Күйіс малының қанындағы липидтердің 3/4 бөлігі фосфолипидтер мен
холестериннен, ал қалған бөлігі-үшглицеридтерден, эфирленбеген май
қышқылдарынан, ҰМҚ-дан тұрады. Азықтандырғаннан кейін қан
құрамында ҰМҚ мен кетонды заттардың концентрациясы көбейіп,
эфирленбеген май қышқылдары азаяды.
Күйіс малында липидтер алмасуын жүргізуде бауыр мен май
ұлпаларының қызметі басқа жануарлармен салыстырғанда анық жіктелген.
Олардың май ұлпалары май қышқылдарын пайдалануға жəне түзуге, ал
бауыры - глюконеогенез процесіне жақсы маманданған. Демек, организмді
қуатпен қамтамасыз ететін екі процесті өткізуге екі түрлі орган
машықтанған, сондықтан олардың арасында көміртегінің көзі үшін бəсеке
болмайды (А.А.Алиев). Сонымен қатар сірке қышқылы, эфирленбеген май
қышқылдары, глюкоза, амин қышқылдары үшін май ұлпалары мен желіннің
арасында бəсекелестік байқалады (сиырлар тəулігіне 1-1,5 кг сүт майын
бөледі). Осыған байланысты бұл органдарға қажетті липидтер көзі инсулин
мен глюкагонның ара қатынасымен үйлестіріліп отырады. Атап өтер жайт,
күйіс малында басқа түлікпен салыстырғанда липидтер алмасуының
гормондық
реттеу
тетігі
нашарырақ
дамыған.
Күйіс
малында
алмастырылмайтын май қышқылдарына тапшылық байқалмайды.
282
Достарыңызбен бөлісу: |