9.6. Липидтердің алмасуы жəне оның реттелуі
Липидтердің биологиялық маңызы. Липидтер деп май мен май тектес
заттардан құралған органикалық қосылыстар тобын айтады. Мал
массасының орта есеппен 10-20 пайызы липидтерден құралған. Денедегі
май протоплазмалық жəне қордағы болып екіге бөлінеді. Протоплазма
майына торша мембранасының, митохондрийдің, микросоманың құрамына
енетін майлар жатады. Оның құрамы мен мөлшері едəуір тұрақты, көп
ауытқымайды. Май ми торшалары, жыныс бездері жəне шəует құрамында
айтарлықтай көп болады. Қордағы майға тері шелінің майы, шарбы
майлары, бүйрек, жүрек сияқты ағзалар маңында жиналған майлар жатады.
Май торшалары - адипоциттер, альвеолалық ұлпалар мен ет талшықтары
арасында да орналасады. Адипоциттер құрамындағы майлар ұлпаларда
энергия жинақтаудың ерекше түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |