Жануар физол



Pdf көрінісі
бет209/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   504
Липидтердің  алмасуы.  Ас  қорыту  жолында  (ішек  қуысында)  азық 

құрамындағы  майдың  бір  бөлігі  (30-40  пайызы)  моно-  жəне  диглицеридтер 

мен  май  қышқылдарына  ыдырайды.  Глицерин  ішектен  оңай  сіңіріледі,  ал 

май  қышқылдары  өт  қышқылдарымен  əрекеттесіп,  холеинді  кешен  түзген 

соң ғана сіңеді. 

 Ішек  қабырғасында  глицерин,  май  қышқылдары,  моно-,  ди-  жəне 

үшглицеридтер,  фосфолипидтер,  холестерин  эфирлері  жинақталып, 

глицеридтер 

мен 

май 


қышқылдары 

эпителиоциттерде 

негізінен 

хиломикрондар  мен  тығыздығы 

 

 

төмен  липопротеидтер  түзіледі. 



Хиломикрон  деп  жұқа  белокты  қабықпен  қапталған  бейтарап  май 

молекулаларын  айтады.  Хиломикрондар  мен  липопротеидтер  негізінен 

лимфа  жүйесіне  өтіп,  көкіректік  лимфа  өзегі  арқылы  жалпы  қан  айналым 

шеңберіне  қосылады.  Эфирленбеген  май  қышқылдарының  қалдықтары 

(негізінен  тізбектері  орташа  ұзындықты  қышқылдар)  қанға  сіңіп,  бауырға 

тасымалданады.  Орта  есеппен  майлардың  ыдырау  өнімдерінің  70  пайызы 

лимфаға,  ал  30  пайызы  қанға  сіңеді.  Құстарда  липидтер  толығымен  қанға 

сіңіп, бауыр арқылы жалпы айналымға қосылады. 

Қанға  сіңген  май  бауырда  қайтадан  глицерин  мен  май  қышқылдарына 

ажырайды. Глицерин глюкозаға айналып, гликоген түрінде қорға жиналады. 

Май қышқылдары бета-окси-, бета- кетоқышқылдары сатысынан өтіп, сірке 

қышқылына айналады да, ол тотығып, су, көмір қышқыл газы жəне энергия 

бөлінеді. 

Бауыр 


торшаларында 

организмге 

тəн 

үшглицеридтер, 



фосфолипдтер  жəне  холестерин  мен  кетонды  заттар  да  түзіліп,  олар  қанға 

бөлініп отырады. 

Лимфаға  сіңген  хиломикрондар  мен  липопротеидтердің  көп  мөлшерін 

өкпенің ерекше торшалары - гистиоциттер сүзіп алады да, олар осы жерде 

тотығу процесіне ұшырап, энергияға айналады. Бұл процестің суық аймақта 

тіршілік ететін жануарлар үшін маңызы зор. Өкпеден өткен хиломикрондар 

бүкіл денеге тарап, май қорына айналады. 

Май  ұлпасы  торшаларында  май  көмірсулар  мен  белоктардың  азотсыз 

қалдығынан  да  түзіледі.  Егер  рацион  құрамындағы  азотты  заттар  мен 

азотсыз  заттардың  арақатынасы  1:13-1:17  аралығында  болса,  онда 

организмде майдың 80 пайызы көмірсулардан түзіледі; ал бұл көрсеткіш 1,2-



 

279


1,4  аралығында  болса,  онда  организмде  майдың  тек  4-5  пайызы 

көмірсулардан, ал көп мөлшері белоктардан түзіледі. 

Əрбір  организмде  оның  өзіне  ғана  тəн  май  жинақталады.  Əр  түлік 

малының  майы  еру  температурасымен,  йод  санымен,  консистенциясымен, 

қаныққан  жəне  қанықпаған  май  қышқылдарының  ара  қатынасымен 

ерекшеленеді.  Құрамында  қаныққан  май  қышқылдары  көп  майдың  еру 

температурасы  жоғары  болады.  Əр  түрлі  жануарлар  майының  еру 

температурасы  мына  көрсеткіштермен  сипатталады:  сиыр  майы-  19-24,5

0



шошқа майы - 36-46



0

, тауық майы - 33-40, қаз майы -26-34, қой майы -44-50, 

сиырдың тоң майы -31-38, ит майы- 37-40

0



Кейбір  қанықпаған  май  қышқылдары  (линол,  линолен,  арахидин) 

организмде  түзілмейді,  сондықтан  олар  азықпен  міндетті  түрде  қабылдану 

керек.  Бұл  қышқылдарды  алмастырылмайтын  май  қышқылдары  деп 

атайды.  Егер  олар  рацион  құрамында  болмаса  майлардың  алмасуы,  өсу, 

көбею процестері бұзылып, тері ауруға шалдығады. 

Организмге  сыртқы  ортадан  энергия  көзі  аз  мөлшерде  түссе,  онда  ол 

куатты  қорға  жиналған  майлардан  алады.  Бұл  жағдайда  ұлпалардағы  май 

липаза  ферменттерінің  əрекетімен  глицерин  мен  май  қышқылдарына 

ыдырайды  да,  тотығу  процесінен  кейін  су  мен  көмір  қышқыл  газы  түзіліп, 

энергия бөлінеді.  

Қордағы  майдың  басқа  жолмен  де  пайдаланылуы  мүмкін.  Бұл

 

жағдайда 



май өз қоймаларынан қанға өтіп, бауырға тасымалданады да, онда глицерин 

мен  май  қышқылдарына  ыдырағаннан  кейін  энергия  көзі  ретінде 

жаратылады.  Майлар  ұлпалардан  липотропты  заттармен  (холин,  коламин, 

серин, инозит, метионин, бетаин т.б.) байланыс түрінде тасымалданады. Бұл 

заттар 

бауырды 


шырланудан 

сақтап, 


майдың 

басқа 


ұлпаларға 

тасымалдануын  жеңілдетеді.  Сонымен  қатар  бауырда  май  сутектендіру, 

сутектенсіздендіру  процестеріне  ұшырап,  май  қышқылдарының  тізбектері 

ұзарып, не қысқарып отыруы да мүмкін.  

Май  қышқылдарының  аралық  өнімдерінің  ыдырауы  кезінде  кетонды 

заттар  -  ацетон,  ацетон-сірке,  бета-  оксимай  қышқылдары  түзіледі. 

Липидтердің  алмасуы  бұзылса,  рационда  көмірсулар  тапшы  болса,  бұл 

қосылыстар организмде көп мөлшерде жинақталып, кетоз ауруы өршиді.  

Рацион  құрамында  біршама  мөлшерде  май  тектес  заттар  да  кездеседі. 

Олар фосфатидтер жəне стериндер болып екі топқа бөлінеді. 



Фосфатидтерге  лецитиндер,  кефалиндер,  сфингомиэлиндер  жатады. 

Аталған  қосылыстар  да  глицериннің  күрделі  эфирлеріне  жатады,  бірақ 

олардың  құрамында  фосфор  қышқылы  жəне  азотты  негіз  -  холин  болады. 

Фосфатидтер  өсу  жəне  қайта  қалыптасу  (регенерация)  процестерінде 

маңызды  рөл  атқарады,  олар  май  қышқылдарының  ішектен  сіңірілуін,  сүт 

майын  синтездеуді  қамтамасыз  етеді.  Фосфатидтер  туындысы  – 




 

280


ацетилхолин, қозу толқынының жүйке талшықтарынан бұлшық етке, жұмыс 

органдарына өтуін қамтамасыз етеді. 

 Фосфатидтерге  жүйке  ұлпасы  бай  келеді.  Фосфатидтердің  өзі  ішек 

қабырғасы мен бауырда түзіледі. 



Стериндер - циклді спирттер тобына жатады. Олардың маңызды өкілі – 

холесттерин  болып  табылады.  Холестерин  бүйрек  үсті  безінің,  жүйке 

ұлпасының,  эритроциттердің,  өттің  құрамында  көп  мөлшерде  кездеседі. 

Бүйрек  үсті  бездерінің  гормондары,  жыныс  гормондары,  Д  дəрмендəрісі 

стериндер туындылары болып табылады.  

Кейбір  сүт  қоректі  жануарлар  денесінің  алдыңғы  бөлігінде,  жаңа  туған 

төлдерде  ерекше  қоңыр  түсті  май  ұлпалары  жинақталады.  Қоңыр  май 

ұлпалары торшаларының құрамында митохондриялар, темірге бай бояғыш – 

цитохром  мол  болады.  Цитохром  митохондриялардағы  тотықтырғыш 

ферменттік жүйенің маңызды бөлігі болып саналады. Қоңыр май торшалары 

оттегіні  тез  сіңіріп,  жылуды  шапшаң  бөледі,  сондықтан  олар  жаңа  туған 

төлдер  мен  қысқы  ұйқыға  кететін  жануарлардың  дене  жылуын  реттеуде 

маңызды рөл атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет