Торша аттары Олар түзетін гормон аттары
Тиреотропоциттер Тиреотроптық (ТТГ)
Кортикотропоциттер Адренокортикотроптық(АКТГ)
Соматотропоциттер Соматотроптық (өсу гормоны, СТГ)
Гонадотропоциттер:
а)фолликулотропоциттер Фолликуланы жандандырғыш (ФЖГ)
б) лютеотропоциттер Лютеиндеуші (ЛГ)
Лактотропоциттер Лактогендік (пролактин) ПРЛ)
Меланотропоциттер Меланоцитті жандандырғыш (МЖГ)
Гипофиздің аралық бөлігінде меланоцитті жандандырғыш гормонды
(МЖГ) түзетін меланотропоциттер орналасады.
Гипофиздің артқы бөлігі питуициттер мен миелинсіз жүйке
талшықтарынан құралған. Питуициттер - пішіні жағынан əртекті, бірнеше
цитоплазмалық өсінділері бар секрециялық торшалар. Нейрогипофизде
коллоид тəрізді секрет бөлетін түтікше - шоқ бездер де болады.
Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Оған
əртүрлі функциялар тəн. Гипофиз басқа эндокриндік бездердің қызметін
реттеуге қатысады, сондықтан оны орталық без деп есептейді. Гипофиз
гормондары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат
алмасуды - судың, минералды тұзардың, көмірсулардың, белоктың, майдың
алмасуын реттейді.
351
Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөлінеді. Олар екі топқа
бөлінеді: глюкопротеиндер (фолликуланы жандандырғыш, лютеиндеуші
жəне тиреотроптық гормондар) жəне қарапайым протеиндер -
полипептидтер (адренокортикотроптық, соматотроптық жəне лактотроптық
гормондар).
Достарыңызбен бөлісу: |