Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) 1942 жылы Ли, Эванс, Симпсон
зерттеулерінде бөлінген. Ол молекулалық массасы 4500–5400 ге тең жалғыз
тізбекті полипептидке жатады, құрамында 39 амин қышқылдық қалдық
болады. Бұл гормон бүйрек үсті бездің шоғырлы жəне торлы аймақтарына
əсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. Гипофизді сылып
тастағаннан кейін бүйрек үсті бездің қыртысты бөлігі семеді, бірақ одан
гормондардың бөлінуі тоқталмайды.
АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрий, хлор элементтерінің жəне судың
кері сорылуына ықпал етеді, май мен амин қышқылдарынан глюкозаның
түзілуін күшейтіп, қандағы қанттың деңгейін жоғарылатады. Бұл
катаболизмдік əсері бар гормон, организмнен азоттың бөлінуін күшейтеді,
капилляр қабырғасының өтімділігін төмендетіп, қабынуға тосқауыл
352
жасайды, организмнің əртүрлі қолайсыз əсерлерге бейімделуінде маңызды
рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |