Соматотроптық немесе өсу гормоны (СТГ). Бұл гормон таза күйінде
1945 жылы Ли, Эванс, Симпсон зерттеулерінің нəтижесінде бөлінген.
Гормонға түліктік ерекшелік тəн. Ірі қара гормонының құрамында 369,
макака маймылы гормонында 241, адам гормонында 240 амин қышқылдық
қалдық болады. Адам гормоны жалғыз, ал ірі қара гормоны - қос
полипептидтік тізбектен тұрады.
Соматотроптық гормон организмнің барлық торшаларында белоктың
синтезін күшейтіп, РНК-ны көбейтеді, көмірсулар мен липидтер алмасуын
жандандырады, майлардың өз қоймаларынан шайылуын күшейтіп,
көмірсулар синтезін жақсартады, малдың өсіп-дамуын реттеп, сүйектің
жетілуін шапшаңдатады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Гипофизді
сылап тастаса, жас төлдің өсуі тоқтап қалады. Төлге соматотроптық гормон
ексе, оның өсуі шапшаңдайды, алыптық (гигантизм) байқалады. Гормон өсу
процесі тоқтаған жануарларда көп бөлінсе акромегалия (кейбір сүйектер мен
мүшелердің өсуіндегі теңсіздік), немесе спланхомегалия (ішкі ағзалардың
өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Бұл гормон жетіспеген жағдайда организмнің
өсіп-дамуын тежеліп, нанизм (бой өспеу) байқалады. Гипофиз қызметінің
ауытқуларымен байланысты организм гипофиздік кахексия (сүлдер, көтерем)
жəне гипофиздік май басу сияқты дерттерге шалдығады.
Соматотроптық гормон инсулин болмаған жағдайда өсу процесіне əсер
етпейді. Гормонды ұйқы безі сылынып тасталған мысыққа ексе, оның
организмінде белок синтезі өзгермейді. Өсу гормоны мен инсулинді қатар
еккен жағдайда осындай тəжірибелерде оң азоттық баланс байқалған
(ұлпаларда белоктың синтезі күшейген).
Достарыңызбен бөлісу: |