Фолликуланы жандандырғыш гормон (ФЖГ) аналық бездің дамуын
жəне қызметін реттейді. Оның əсерімен фолликулалар дамып,
фолликулалық сұйықтық жиналады, түйіршікті (гранулезді) торшалар
көбейіп (пролиферация), оларда аналық гормондар (эстрогендер) түзіледі.
Еркек малда ФЖГ аталық бездің аралық (интерстициальдық) ұлпасына,
оның аталық жыныс гормонын түзетін Лейдиг торшаларына əсерін тигізбей,
тек аталық жыныс торшаларының түзілуін (сперматогенезді) реттейді.
Лютеиндеуші гормон (ЛГ) овуляцияны - жетілген фолликулалардың
жарылуын, жыныс торшасының аналық безден бөлінуін реттейді. Бұл
гормонның əсерімен овуляция жүрген фолликулаларда уақытша ішкі
секрециялық қызмет атқаратын сары дене түзіледі. Еркек малда ЛГ аталық
бездің аралық ұлпасында аталық жыныс гормонының түзілуін күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |