353
14% белок, 7,75% май, 1,03% минералды заттар болатын ерекше сұйық –
“кептер сүтін” бөледі. “Кептер сүтінің” құрамында лактоза мен казеиноген
болмайды.
Əдеби деректерге сəйкес гипофиз қалқанша серік бездің, ұйқы безінің
қызметін реттеуге де қатысады. Мысалы, гипофиздің панкреотроптық
гормоны Лангерганс аралшықтарының дамуын күшейтсе, паратиреотроптық
гормон қалқанша серік бездерінің қызметін күшейтіп, қанда кальций
деңгейін көтереді.
Аденогипофиздің секрециялау қызметі қайтарымды байланыс негізінде
гипоталамус ядролары нейросекреттерімен реттелінеді. Гипофиз бен басқа
ішкі секрециялық бездер арасында да қайтарымды байланыс принципіне
негізделген екі жақты қатынас орын тепкен. Осының нəтижесінде
аденогипофиздің троптық гормондары шеткей эндокриндік бездердің
кызметін жандандырса, олардан бөлінген гормондар өз кезегінде гипофиздің
троптық гормондарының түзілуі мен бөлінуін тежеп отырады. Ғылыми
деректерге сəйкес эндокриндік бездердің қайтарымды əсері гипоталамус
арқылы да жүреді деген болжам айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: