427
Сүттің физикалық-химиялық қасиеттері. Сүт плазмадан жəне əртүрлі
заттар бөлшектерінен тұратын дисперсиялық жүйе. Сүт құрамында қант пен
минералды тұздар ерітінді түрінде, белоктар мен органикалық тұздар
коллоид жағдайында, ал май - ірі дисперсиялық түйіршік түрінде болады.
Қалыпты жағдайда сүт ақ немесе сарғыш түсті, дəмі тəтті биологиялық
сұйық. Оның түсінің ақ болуы құрамында липидтер эмульсиясы жəне
казеиннің кальцийлі тұзы болуымен байланысты. Сүт құрамында
каротиноид бояғыштары көбейсе, онда ол сарғыштанады.
Жаңа сауылған сүттің тығыздығы 1,028–1,040, ал рН-ы 6,5–6,7
шамасында. Сүт құрамында белоктық, фосфаттық жəне цитраттық буферлік
жүйе болады, сондықтан оның əрекетшіл ортасы тұрақтылығымен
сипатталады. Сүттің сілтілік қоры қандағы сияқты оның қышқылдық
қорынан жоғарырақ, тұтқырлығы су тұтқырлығынан 1,6–2,2 есе артық, ал
беттік керілісі орта шамамен 50 дин/см, демек судың беттік керілісінен
төмен (суда 70 дин/см). Сүт тұтқырлығы оның құрамындағы белоктардың
коллоидтық күйімен байланысты. Сүттің қату нүктесі 0,55
°
С, осмостық
қысымы 6,6 атм, демек олар қан көрсеткіштеріне жақын. Сүттің осмостық
қысымын оның құрамындағы лактоза, натрий, хлор концентрациясы
қалыптастырады.
Сүт
құрамында
иммуноглобулиндер,
лизоцим,
лактоферрин,
лактопероксидазалар
болуымен
байланысты
оған
бактерицидтік қасиет тəн.
Достарыңызбен бөлісу: