Жануар физол



Pdf көрінісі
бет472/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

ганглиозды  торша  ондаған  мың  таяқшалармен  байланыс  түзеді  де,  оның 

рефлекстік өрісі ауданының диаметрі 1 мм жетеді. 

Сауытшалардан  импульс  миға  басқа  принциппен  тарайды.  Əрбір 

сауытша  тек  бір  ғана  биполярлы  торшамен  байланысады,  сигналды  тек 

соған  береді.  Демек,  қатар  жатқан  таяқшалардан  шыққан  сигналдар  бір-



бірімен  тоғысса,  қатар  жатқан  сауытшалар  сигналдары  дара-дара 

беріледі. 

Көз алмасының артқы бетін (көздің түбін) арнаулы офтальмоскоп деген 

құралмен  қарағанда  бозғылт  түске  боялған  бөлікті  көруге  болады.  Бұл 

жерден қан тамырлары тармақтанып көрінеді. Көз түбінің осы бөлігін «соқыр 



дақң  деп  атайды,  себебі  бұл  жерде  таяқшалар  мен  сауытшалар  болмайды. 

Бүкіл  торлы  қабықтан  осы  жерге  жүйке  талшықтары  шоғырлана  жиналады 

да,  көру  жүйкесін  түзеді.  Үй  жануарларында  көру  жүйкесі  мидың 

вентральдық  беткейінде  қиылысып,  оң  көзден  басталған  жүйке  сол  жақ 

жарты шарға, ал сол көзден басталған жүйке - оң жақ жарты шарға барады. 

Бірақ бұл нүктеде қиылыспай, қозу импульстерін өз жағына жеткізетін жүйке 

талшықтары да болады. 

Торлы  қабықтың  соқыр  дақ  орналасқан  бөлігінің  шетін  айнала  ақшыл 

(ашық) белдеу түрінде орталық алаң орналасады. Ол сары дақ - айқын көру 

аймағы. Бұл жерде жарық сезгіш торшалар ерекше көп шоғырланады. Сары 

дақтың ортасы шұңқырлау келеді. Оны орталық ойыс деп атайды. Бұл жерде 

тек  сауытшалар  ғана  шоғырланады.  Орталық  ойыстан  торлы  қабықтың 

шетіне қарай сауытшалар саны азая түседі де, таяқшалар көбейе береді. 

Торлы қабықтың биполярлы нейрондары мен ганглиозды торшаларының 

аксондарынан  көру  жүйкесі  түзілетінін  айтып  өттік.  Аталған  құрылымдар 

көру  анализаторының  өткізгіш  аппаратын  құрайды.  Көру  жүйкесінің 

талшықтары үзілместен сыртқы (латеральдық) имек дене ядролары мен төрт 

төмпешіктің 

алдыңғы 

төмпешіктеріне 

барады. 

Бұл 


құрылымдар 

нейрондарының  аксондары  арқылы  импульстер  үлкен  ми  жарты  шарлар 

қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан көру анализаторының орталығына 

беріледі. 




 

639


Жарық  сезгіш  торшалардың  қызметі  өте  күрделі.  Оларда  қозу  процесі 

фотохимиялық  реакция  əсерінен  пайда  болады.  Таяқшаларда  жарыққа 

сезімтал  родопсин,  ал  сауытшаларда  -  йодопсин  деген  заттар  болады. 

Родопсин  мен  йодопсин  белок  тектес  жоғары  молекулалы  қосылыстар. 

Жарықтың  əсерінен  родопсин  өзінің  қызыл  түсін  жоғалтып,  алдымен  сары 

түске  айналады  да,  соңынан  түссізденіп  кетеді.  Жарықта  ол  каротиноид 

ретинен  (А  дəрмендəрісінің  альдегиді)  жəне  опсин  белогына  ыдырайды. 

Қараңғыда қайта синтездеу процесі жүреді. Бұл процеске пигментті қабатта 

сақталатын ретинол (А дəрмендəрісі) қатысады. 

Жарық  энергиясы  родопсинді  тұрақсыз  люмиродопсинге  айналдырады. 

Бұл  процесс  родопсин  құрамындағы  цис-формадағы  (оралған  молекулалы) 

ретиненнің  транс-формаға  (жазылған  бүйір  тізбекті)  айналуы  (изомерленуі) 

нəтижесінде жүреді. Осының салдарынан ретинен мен белоктың байланысы 

үзіліп,  люмиродопсин  метародопсинге,  соңынан  ретинен  мен  опсинге 

айналады.  Осыдан  кейін  ретиненнің  транс-формасы  редуктаза  ферментінің 

əсерімен А дəрмендəрісіне айналады. Енді тағы да изомерлеу процесі жүріп, 

қайтадан  цис-ретинен  пайда  болады  да,  ол  опсин  белогымен  қосылып, 

қайтадан  родопсин  түзіледі.  Родопсин  əрі  қарай  жоғарыда  баяндалған 

айналымды  процеске  қосылады.  Ретинол  жетіспеген  жағдайда  родопсиннің 

қайта  түзілуі  тежеліп,  қараңғыға  бейімделу  процесі  нашарлайды.  Мұндай 

жағдайды ақшам соқырлық деп атайды. 

Құрылымы  жағынан  йодопсин  родопсинге  жақын,  бірақ  йодопсиндегі 

ретинен  басқа  белокпен  -  фотопсинмен  қосылады.  Фотопсин  үш  түрлі 

болады,  осымен  байланысты  сауытшалар  əртүрлі  ұзындықтағы  сəулелер 

толқынына  (күлгін,  жасыл,  қызыл  түске)  реакция  беретін  торшаларға 

бөлінеді. Сауытшалардың үш түрінің əр деңгейлі комбинацияда қозуының 

нəтижесінде  түрлі рең түйсігі пайда болады. 

Родопсин  мен  йодопсиннің  жарықты  сіңіру  қабілеті  əртүрлі.  Родопсин 

спектрдың  көк  жасыл  бөлігіндегі  сəулелерді  жақсы  сіңіреді.  Бұл  сəулелер 

қараңғыда  айқындау  сезіледі.  Йодопсин  болса  сары  түсті  жарықты  жақсы 

сіңіреді. 

Жарық  жерден  қараңғы  бөлмеге  кіргенде,  алғашқыда  ешнəрсе  көрінбей 

қалады.  Біраз  уақыттан  кейін  родопсиннің  қайтадан  қалпына  келуіне 

байланысты  таяқшалардың  жарыққа  сезімталдығы  қалпына  келіп, 

айналадағы  заттар  көріне  бастайды.  Бұл  процесті  қараңғыға  бейімделу  деп 

атайды. 

Көру  пигменттерінің  фотохимиялық  реакциялары  көру  рецепторлары 

қозуының  бастамасы  болып  табылады.  Торлы  қабық  рецепторларының 

қозуы  мен  көру  жүйкесінде  импульстердің  пайда  болуы  көру  пигменттері 

ыдыраған кезде бөлінген иондарға байланысты. 

Торлы қабық фоторецепторлары өте əлсіз жарыққа реакция береді жəне 

көру пигменттерін үнемдеп жұмсайды. Таяқшалар сауытшалардан 1000 есе 



 

640


сезімтал  келеді,  сондықтан  ала  көлеңкеде  бейне  таяқшалар  арқылы 

қабылданады.  Таяқшалар  торлы  қабықтың  шеткей  бөлігін  ала  орналасады, 

сол  себепті  ала  көлеңкеде  фокустан  алшақ  орналасқан  нəрселер  жақсырақ 

көрінеді. 

Майда  заттарды  анық  көру  қабілеті  сауытшалармен  байланысты.  Жеке 

нəрселерді  ажыратудың  ең  зор  қабілетін  көргіштік  (жітілік)  деп  атайды. 

Бұл  қабілетті  қатар  жатқан  екі  нүктенің  көз  ажырата  алатын  ең  аз  ара 

қашықтығымен анықтайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет