Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет94/112
Дата15.11.2023
өлшемі12,6 Mb.
#122838
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   112
Байланысты:
жануарлар экологиясы

кеңістіктік күрылымы. 
Әртүрлі 
ағзалардың биоценоз 
кеңістігінде тік (вертикаль) және көлденең (горизанталь) бағытпен 
таралып орналасу ерекшелігі -биоценоздың кеңістік қүрылымын 
түзеді. Кеңістіктік қүрылым түзілуге биоценоздағы эдификаторлар 
негізгі рөл атҚарады. Биоценоздағы өсімдік жамылғысы басқа 
ағзалардың (жануар, микроағза) тіршілік ететін ортасын түзіп жэне 
мезо-, микроклиматты өзгертетіндіктен ежелден биоценоздың негізін 
қалаушы эдификатор ретінде белгілі. Сонымен қатар кей жағдайда 
жануарлар әлемінің кейбір өкілдері де эдификатор бола алады. 
Мысалы далалық аймақгардың биоценозында басым түр ретінде 
кездесетін суырлар, тоқалтістер 
(Місгоіиз),
түйеқүлақгар 
(Осһоіопа)
қатарлы бір жерге жүздеп мыңдап шоғырланып, колониялық тіршілік 
ететін кеміргіштер мен қоянтэрізділер жэне моманайлар 
(Муозраіах)
мен соқыртышкандар (Зраіах) ін қазып, топырақгың астыңғы қабатын
# үстіне шығарып, жер бетіне үйінді топьфақты пайда болдырады. 
Соның салдарынан ол жердің өсімдік жамылғысы түгелдей өзгеріп, 
жэндіктер, өрмекшілер т.б., көптеген омыртқасыз жануарлар мен 
микроағзалардың ценозы түбірімен өзгеруіне экеп соқгырады. 
Сондықтан бүл жануарларды да биоценоздың эдификаторлары 
ретінде бағалайды. Эдификатор жануарлар жер бедерін, топьфақгың 
күрамы мен қүрылысын, өсімдік жамылғысының қүрамын өзгертуі 
арқылы биоценозда ағзалардың біркелкі емес таралуына себепкер 
болады. Мысалы суырдың інінен шығарган үйінді топырагына ала 
бүта 
бітік 
өседі. 
Алабүтамен 
қоректенетін 
қоңыздар 
мен 
қандалалардың бірнеше түр сол жерге шоғырланады. Сондай-ақ 
қүмырсқаның илеуінде, 
кеміргіштердің інінің 
ішінде, түяқты 
жануарларға топырағы тапталып, шөбі оталган жердің зооценозы мен 
микробоценозының күрамы жэне тығыздығы биоценоздын басқа
бөлігіндегіден өзгеше.
Жануарлар биоценоздың тік белдеуі бойынша да біркелкі
орналаспайды. 
Биоценоздың шоптесін 
осімдік өскен төменгі 
кабатында тіршілік ететін жануарларьфиллобион гтар, бүталар мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет