Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет58/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122
Конвекция – ағымды ортадағы жылудың тасымалдануы. Жылу салқын беткейлік ұлпаларға дененің ішкі жағынан келетін жылы қанның ағымы нәтижесінде жоғалады. Осылайша, қан ағымының периферияға бағытталуы жылу регуляциясының маңызды бөлшегі ретінде қызмет етеді.

Сәулелену – бұл жылу тасмалдаушыға тәуелді емес және вакуумда орындалатын жылу берілудің формасы. Сәулелену кезіндегі жылудың жоғалуы шамамен жануар мен сыртқы ортаның арасындағы температура айырмашылығына пропоциональды болады.

Сәулелену барысында жылу біресе жойылады, біресе қайта келеді және жануарлардың түсі жылу жоғалуына әсер етпейді. Қара жануарлар ақ түстілеріне қарағанда көбірек күн сәулесін тұтынады, ал ақ түстілері жарықты қатты шағылыстырады.

Жануарлардың денесінің дымқыл беткейлерінен судың булануы жылудың бөлінуіне байланысты және сергектенудің маңызды тәсілі ретінде көптеген түрлерде қодлданылады.

Әр түрге жататын жануарлар әр түрлі дәрежеде осы төрт тәсілдермен берілетін жылудың мөлшерін қадағалап отыра алады. Олар көбіне жылу изоляциясын өзгерте отырып өткізгіштікке байланысты жылудың бөлінуін қадағалайды. Ұзақ уақытқа созылатын регуляция май бөлінудің күшеюімен және қыс мезгілінде түктің өсуімен, жазда осы үрдістердің баяулауымен жүзеге асады.

Дене температурасы зат алмасудың бастапқы субстраттары мен макроэрикалық қосындыларының (АТФ) барлық биохимиялық үрдістерінің жанама өнімі болып табылады. Биологиялық субстраттардың ыдырауының барлық үрдістері жылудың бөлінуіне әкеп соғады. Температураға жасушалық мембрананың өткізгіштігі, жүйкенің қоздырғыштығы мен бұлшықет жасушаларының өзгергіштігі байланысты болып келеді. Дененің тұрақты температурасы тек, жылу өндіру мен жылу бөліне үрдістерінің арасында тепе – теңдік орнағанда ғана сақталады.

Химиялық үрдістер барысында туындайтын жылуды химиялық терморегуляция деп аталады. Әсересе гомойотермді жанкарлардың жылу бөлудегі регуляцияға қабілеттілігі маңызды орын алады. Бұл физикалық терморегуляция. Жылу бөліну негізінен радиацияның көмегімен жүзеге асады ( жайлылық температуласында 45-55% жылу), 15-30% жылу конвекция есебінен бөлінеді (дененің сыртқы орта есебінен қызып кетуі), булану ( температураның көтерілуіне байланысты). Бұл дененің беткейінен тердің булану үрдісі және 5%-ын кондукция құрайды. Жылу беру үрдістерін көбіне жүрек – қан тамырлар жүйесінің әсер етуімен анықтайды, өйткені ол қан ағымын терең ұлпалардан беткейлік ұлпаларға тасымалдай алады.

Оның әр түрлі аумақтарының, тіпті гомойотермді жануарлардың да денесінің температурасы әр түрлі болып келеді. Терморегуляцияның жүйесі шамамен 37с болатын дененің температурасын ұдайы қалыпта ұстап тұруы қажет ( теріден 2 см тереі барлық ұлпаларда). Терморегуляцияның рецепторлары ағзаның барлық жерінде орналасқан, бірақ оларда 30С-қа дейінгі температура ауытқулары болуы мүмкін. Мұзда жатқан итбалықтың денесінің температурасы 0С-қа тең. Осылйша, перифериялық рецепторлар температура жайлы әр түрлі ақпараттарды саралайды. Интерорецепторлар ағзалардың функционалды белсенділігіне байланысты бірдей емес параметрлерді бағалайды. Орталық терморецепторлар біркелкі емес температураны ба,алайды, олар 1-2С шамасында ауытқуы мүмкін. Терморегуляцияның жағдайы жайлы мәліметтер барлық термикалық белгілер қосылатын гипоталамуста талданады. Терморегцляцияның орталығының алдыңғы бөлімі жылу беруге, ал артқы бөлігі жылу өндіру ме химиялық терморегуляцияға жауап береді.

Гомойотермді жануарлардың ағзасына қоршаған ортаның температурасы үш түрде әсер етуі мүмкін:

1.Директивті ( мысалы – құстар орташа тәуліктік температураның төмендеуіне байланысты жылы жаққа ұшып кетеді). Яғни температура жануарлардың мінез – құлқына едәуір әсер етеді.

2.Реттеуші. Температура тер бездерінің жұмысын, гормондардың жұмысын – ең алдымен энергетикалық сипаттағы гормондар, катехоламиндер, зат алмасу үрдістерін, бұлшықеттердің жұмысын реттейді. Бұлшықеттер жылу өндірудің негізгі жүйесі болып табылады, олардың ықшамдалуынан көп мөлшерде жылу пайда болады.

3.Патогенді, терморегуляцияның бұзылуының барлық үрдістері 2 фазада өтеді: компенсация және декомпенсация.



Қалтырау – пирогендердің әсеріне гомойотермді жануарлардың типтік терморегуляциялық реакциясы, ол терморегуляцияның жаңа деңгейдегі орнатылатын нүктесінің өзгеруімен байланысты. Қалтырау – ол типтік патологиялық үрдіс, оның жеке нозологиялық формалары болмайды. Қалтыраудың дамуына пирогендер – бергілі бір терморегуляторлы белсенділігі бар заттар себеп болуы мүмкін. Пирогенді заттар екі формада болады: экзогенді және эндогенді. Экзогенді пригенді заттар қалтырауды тудырмайды.

Олар тек ағзаде эндогенді пирогенді заттардың қалыптасуына ықпал етеді. Экзогенді пирогенді заттар 2 топқа бөлінеді: жұқпалы және жұқпалы емес.

Экзогенді пирогендер микробтардың токсикалық, әсіресе грамтеріс қасиеттерімен тығыз байланысты. Температура қаншалықты жоғары болса, интоксикация да соншалықты көп болады деген тұжырым бар. Бұл дұрыс, бірақ пирогендер өздігінен токсиндер бола алмайды, олар микробтардың цитоплазмалық мембраналарының және түрлік спецификасынан айырылған липопротеидтердің ыдырауының өнімдері болып табылады. Олар бөгде заттар болғандықтан, ағзаның фагоциттерімен сіңіріледі. Жұқпалы емес пирогендер – бұл жасушалардың ыдырауынан пайда болған өнімдер. Осы барлық құрылымдар фагоцитозға ұшырайды. Фагоцитоз үрдісі кезінде ақуыздық комплекстердің жаңа туындылары пайда болады және оларда эндогенді пирогендердің (лейкоцитарлы) пирогенді белсенділігі бар. Пирогендерді туындату қабілеті ағзаның барлық фагоциттеріне, бекітілген (альвеолалық, өкпелік) және бекітілмеген – макрофагтар мен микрофагтарға тән. Микрофагтар – қанның гранулоциттері тез әре жылдам пирогенді заттарды түзеді (506 сағат шамасында), кейін өздері ыдырайды немесе синтезді тоқтатады. Макрофагтар пирогендерді 2 тәулекке дейін өндіре алады. Пирогенді заттар гематоэнцефалитикалық барьерден өтіп, гипоталамустың алдыңғы бөлігінде орналасқан термосезәмтал нейрондарға жетеді, ол жерде еі алдымен суыққа сезімтал нейрондардың функциясын өзгертеді және эндогенді пирогендердің ықпал етуінен арахидин қышқылынан (мембрананың фосфолипидтерінің ыдырауының өнімдері) Е тобындағы простогландиндерге алмасу үрдісі басталады. Простогландиндер циклдық нуклеотидтерлің ыдырауының ферменттерінің функциясын басу қабілетіне ие (циклдық аденозинмонофосфатт бұзатын фосфодиэстеразаны баяулатады). Осылайша олар цАМФ – тың жасуша ішілік концентрациясын ұлғайтады. Жасушадағы цАМФ концентрациясының ұлғаюы қарапайым әсерлерге оның сезімталдығын арттырады.Терморегуляция орталығының белсенділігі мен сезімталдығы артады. Қарапайым температуралық режиммен байланыстының барлығы, терморегуляция орталығы арқылы суытушы эффект ретінде қабылданады. Сондықтан, ауырғанда ең алғашқы сезетініміз ол тоңу белгілері және дірілдеу. Қалтыраудың бірінші сатысы дами бастайды. Ең алдымен ағза жылу бөлуді тоқтатады. Ағзаның перифериялық бөлімдерінің қан айналымы төмендейді – тері жабындылары бозданады. Бірден бұлшықеттің тұйықталу үрдісі – дірілдеу басталады. Ағза іштей жылына бастайды, бірақ жылуды сыртқа бөліп шығармайды. Бұл басында жылу бөлінудің азаюына байланысты жүреді. Дене температурасы жоғарылай бастайды – жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысы өзгереді, қа айналымның жылдамдығы артады, тыныс алу функциясы өзгереді. Температураның көтерілуі патогенездің 2 факторына тәуелді болады:

1.Эндогенді пирогенді заттардың мөлшеріне байланысты;

2.Терморегуляция орталығының индивидуалды сезімталдығына байланысты (егеуқұйрықтарға қарағанда қояндар қалтырауға бейім, бұл терморегуляцияның орталығының сезімталдығының түрлік спецификалығына байланысты ).

Қалтыраудың екінші дәрежесі – температура көтерілгеннен кейін, ұдайы жоғары температурада болуға тұрақтандырылады. Терморегуляция орталығы басқа деңгейге өтіп, жылу бөлінудің көбеюіне байланысты терморегуляцияны қосады. Бұл деңгейде тамырлы реакциялар байқалады: бозғылттық гиперемиямен алмасатын перифериялық тамырлардың созылуы. Аурулары да сау жануарлар секілді бұл деңгейде жылу мен суыққа тиісті реакциялармен жауап қайтарады. Температураның 1 градусқа көтерілуі кезінде жүрек соғысының жиілігі минутына 10-12 соққыға дейін төмендейтіні белгілі. Тер пайда болғанда, температураның төмендеуі байқалады және қалтыраудың 3 сатысы – ажыратылымдық сатысы басталады.

Терморегуляция орталығы өзінің бұрынғы белсенділігіне қайта қалыптасады. Тер бөлінуінің әсерінен жылу бөлу жылу өндіруге қарағанда үстем болады. Температураның төмендеуі мен жоғарылауына байланысты 2 жағымсыз кезеңдері пайда болады: біріншісі температураның көтерілуі кезінде терморегуляция ақаулары – орталықтан пайда болған қызу. Егер қалтырау – қорғаныш үрдісі болса, онда қызып кету – бұзушы үрдіс болып табылады. Олардың емделуі де әр түрлі: қалтырау кезінде антипростогландинді ем қолданады, антипиретиктерді тағайындайды, ал қызып кету – бұл декомпенсация, ал қалтырау – ағзаны қорғаудың ерекше формасы. Қалтыраумен байланысты екінші жағымсыз кезі – егер температура өте тез төмендесе, тамырлық жеткіліксіздік – коллапс пайда болады. Көлеміне байланысты циркуляцияланатын қанның жетіспеушілігі байқалады. Сон-дықтан да ауру жануарларға температураның ақырындап төмендеуі (литикалық) оңай өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет