Импринтинг (есте қалу).Жеке бейімдеушілік форма арасында, ерте постнатальды даму деңгейінде ерекше орын алады, өмірлік маңыз байланыстарымен ұяда, тобырда, топта немесе отбасыда, ата – ана айналасымен орнатылады.
Жүре пайда болған тәжірбиені сақтап қалуын анықтау үшін, балапанның ересек үйректің муляженың артынан жүрген реакциясынан байқауға болады. Осындай оқыту түрі « есте қалған байланыс» деп аталады. Есту тітіркендіргішті айта кететін болсақ, болжам бойынша, олардың импринтирлігі ертеден орын алуы мүмкін, яғни туылуына немесе жарылып шықпағанына дейін(А.Д. Слоним, 1976).
Импринттердің қасиеттеріне көптеген жануарлар мен жәндіктер, сондай – ақ жаңа туған балалар ие. Импринтинг ұзақ уақытты бейнелі жадтың мысалы ретінде қызмет ете алады (И.С.Бериташвили бойынша), биологиялық нығаюынсыз бір реттен - ақ тітіркендіргіштің әсерінен туындайды. Импринтингті анықтау жолында жас ағзаның жеке тәжірбиесімен және туа біткен қабілетін, оның жадының механизмінде тез бекітілуін іске асырады. Импринтирдің нейробиологиялық механизмдері, есте сақтаудың бір формасы ретінде, енді ғана зерттуі басталды.(Г.Хорн, 1988).
Еліктеу. Импринтинг мысалдарын зерделеу кезінде – ақ, басып шығарушы құстарда еліктеу реакциялырының бекітлуін байқауға болатын еді. Елуіктеу нәтижесінде жануар, тура үздіксіз басқа өз түріне жататын жануарларының іс – қыймылдарын бақылай отырып, ұқсас іс әрекетін жасайды. Осылар бір мезгілде барлық тобырдың мүшелердің кетуіне немесе жыртқыштан қашуына, азық іздеуінде, дем алуына және т.б. қазғаушы факторы болып табылады. Жануардың еліктеу жолымен үйренуі қарым – қатынас негізінде мінез – құлықты қалыптастырады, ол түрдің таптаурын шеңберіне сыйымды. Әсіресе бұл жас жануарларға тән, олар ата – анасының мінез - құлықтарына еліктеу жолымен үйренеді. Осындай еліктеушілік оқытуды – облигатты деп ғылыми атауы ие. Осындай ұқсасты біз ән құстарында кездестіреміз, олар дұрыс ән салады тек сол жағдайда, егер өзінің түрене жататын басқа дарақтарын ән салуын естіген болса. Жас шымшық, қолда өссе және ешқашан басқа құстардың ән салуын естімесе, онда солай әнді ешқашан дұрыс айта алмайды. Оның қабілеті осы жағдайда, тек бірдеме «анық емес» сайрауына ғана жетеді. Егер үш апта уақытында, осы кезде ән салуы қалыптасады, жас шымшық тәжірбиелі, қарт құстың әнін естісе, онда ода да жақсы, оның түріне тән әні қалыптасады. Дауысты еліктеу кейбір құстың түрлерінде үлкен жетістікке жетеді. Үнділік скворец майнасы – осындайда шынайы чемпион.
Бір неміс ғалымы суықторғаймен таңғаларлық тәжірбие өткізді. Жас аталықты шымшықтың аналығы асырап өсірді. Басқа түрдің айналасында өскен суықторғай, соншалықты дәлме – дәл олардың әнін игеріп алды, ол ән айтқан кезде шымшықтың әнінен еш кем түспеді. Кейін осы аталық өз түрінің аналығымен, жас суықторғай балапандарын өсіріп шығарады, соның ішінде екі аталығы толықтай әкесінің шымшықты әнін қабылдады. Солардың біреуін басқа орынға алып кетті. Онда оған өз түрінің аналығын орналастырды. Екі жыл өтті, осы жұптың бір ұрпағы, аталығы, қайтадан орнына жіберілді. Таңқаларлық жағдай болды, алғашқы суықторғайдың немересе шымшықтың дәлме –дәл әнін еліктеді, бұны оның атасы төрт жыл бұрын үйренген еді!.
Достарыңызбен бөлісу: |