Бейнелі (психжүйкелі) мінезқылығы. 1926 жылдан бастап И.С.Бериташвили өзі қалыптастырған әдісі бойынша тәжірбиелік манежде, жануарлардың мінез – қылығын зерттеген. И.С. Бериташвили (1975) алынған фактілерімен шартты – рефлектордың оқыту теориясы жағынан түсіндіру мүмкін болмады. Осы ғалымның түсінігі бойынша: жоғары омыртқалы жануарларда бірінші рет азықтың орнын қабылдауы немесе нақты азықтың және оның белгілі ортадағы орны туралы бейнесі құралады. Бұл бейне сақталады және әрдайым, ол белгілі бір ортада немесе бір бөлшегінде жүзеге асырылады, жануар бағытталған бастың қозғалысын орындайды, өзін алғаш қабылдаған кездегідей ұстайды, яғни азық орнына барады, иіскелейді оны, егер азықты тапса, оны жеп қояды.Осындай психожүйелік мінезді, бағытталған кейіпінде, еркін деп атады, ал И.С. Бериташвили оны автоматизирленген, еркін емес деп санады.
Жекелік мінезі, едәуір бастапқыда психожүйкелік кейіппен бағатталады, қайталану кезінде автоматизирленеді және шартты – рефлекторлы оқытудың барлық заңдылықтарымен жүзеге асырылады. Жануарлардың қарапайым ойлы іс – әрекеті. Мінез – құлықтық бейімделуі Л.В Крушинскидің(1977) көз қарасы бойынша, 3 негізгі механизмында құралады: инстинктті, оқыту механтзмінде және ойлайтын іс – әрекетте(ақыл - ой). Соңғысы оқытуға қарама – қайшы келсе де, дарақта жалпы мінезі түрінде, жеке даму бейімделуінде нысаналы қарастырылады. Мінез – құлықтың актін құрастыруына қатысатын, 1 – суретте негізгі элементті бөлшектердің сызбалық байланысы көрсетілген. Бөлшектердің бірігуінің нәтижесінде мінез – құлықтың акты толықтай құрастырылады. Актты унитарлы реакция ретінде қарастыруға болады. Егер филогенетикалық дамуының бастапқы кезеңдерінде мінез – құлығын инстинкт әсерінен қалыптастырылса, онда жүйке жүйесінің күрделене түсуінен, үлкен рөлді әр түрлі оқыту формалары атқара бастайды. Бірақ арықарай мидің дифференциялдығы, қарапайым іс –әрекеттерінің оқытуын үлкен рөлін атқаруына қамтамасыз етеді.
Қарапайым ойлау іс – әрекетінің сипаттамасына, жануардың қабілеттерінде қарапайым эмпирикалық заңдарын ұғып алуы тән, заттар мен қоршаған ортаның құбылыстарын байланыстырады, сондай – ақ жаңа жағдайлар кезінде осы заңдарды қолдануы.
Достарыңызбен бөлісу: |