Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет81/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

Ойындар


Бұл тағы бір аймақ, бұда балалрдың мінез – құлығы туа біткен бағдарманың қатты қысымында. Жас жануарлар өте көп – өз араларында, ата – аналарымен, басқа түрдің балаларымен, заттармен ойнайды. Тіпті жалғыз басты тұратын түрлері де – мысалы, аюлар немесе жабайы мысықтар, - бала кезінде өте көпшіл және ойнақы. Этологтар бұрыннан ойын мінез – құлығын зерттеп келеді, бірақ онда әлі бәрі де беймәлім. Ойын – тек уақытты пайдылы өткізуі ғана емес, содай – ақ өмір қуанышы. Балаларды достарымен, заттарымен ойнауымен айыруы және өзі ойнауынада шектеу қоятын, арнаулы зерттеулері өте көп. Олар қорқақ және агрессивті, басқа дарақтармен байланысуында өздерін көрсете алмайтындай болып өседі. Оларға жұп құруы, тобырда өмір сүру, ұрпақтарға бас көз болу өте қыйын. Этологтар ойында жаттығуларды көреді, туа біткен бағдарланған мінез – құлықтың орындалуын тексерісі – басқа дараққа қалай жақындау, жыныстық серіктестігімен қалай әрекеттесу, балаларымен, аңшылдық нысаналарымен, жыртқыштан қалай қашып құтылу, қалай төбелесу, қалай жеңу және қалай орын беру, қалай қазу, құру, жасыру. Ойында жеке ара – қашықтығын бұзуға, серіктестігімен байланысқа түсуге, күресуге болады. Қысқасы, өз тәжірбиесінде, басқа дарақ не екенің, одан не күтуге болатынын және онымен өзінді қалай ұстау керегін білу.

Көпшілік ұжымдық ойындарда – үш басты нұсқалық бөліндісі болады: «жыртқыш - құрбан» (біреуі қашады, екіншісі қуады, іздейді, аулайды), «некелік серіктестер» (танысу ойналыстырады, күтімі, ұяны салу, іңді) және «ата – аналары - балалары» (біреуі екіншісін тамақтандырып жатқанын, жылытып жатқанын, тасып жүргенін, тазалап жатқанын тірін жасайды). Ойында міндетті рөл ауыстыруы болады. Басында біреуі жыртқышты, ал екіншісі құрбанын ойнайды, кейін керісінше! Жас дарақ тек болашақта керекті іс – әрекеттерді тексере қоймайды, сондай – ақ серіктесі немесе аңшылық нысанының, яғни жауының әркеттерін бақылауға алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет