38
жеткізеді.
Эфферентті немесе эффекторлы нейрондар қоздырғыштарды орталық жүйке
жүйесінен жұмысшы ағзаларға – эффекторларға жібереді. Бұл нейрондардың
денесінен қоздырғыштар периферияға ұзын аксондар арқылы тасымалданады.
Қаңқа бұлшық еттеріне импульстарды жіберетін эфферентті нейрондар қозғалғыш
немесе мотонейрондар деп аталады. Олардың денелері жұлынның вентральды
бөлігінде, орта және сопақша мида орналасқан.
Көптеген эфферентті нейрондар импульстарды тікелей периферияға
жібермей, басқа төмен орналасқан нейрондар арқылы тасымалданады. Мысалы,
үлкен жарты шардың немесе орта мидың қызыл ядросының эфферентті
нейрондары импульстарды жұлынның мотонейрондарына жібереді. Вегетативті
жүйке жүйесінің эфферентті нейрондары орталық жүйке жүйесінен тыс жерде –
перифериялық ганглияларды орналасқан.
Қондырма (аралық, байланыс нейрондары, интернейрондар) орталық жүйке
жүйесіндегі нейрондардың ең көп тобын құрайды. Олар рецепторлы және
эффекторлы нейрондарды байланыстырады. Олар тудыратын әсерлерге қарай
байланыс нейрондарын қоздырғыш және тежегіш деп ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: