Жануарлар этологиясы


Шартты рефлекторлық қызметтің жалпы заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет20/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

Шартты рефлекторлық қызметтің жалпы заңдылықтары. Шартты 
рефлекстің 
туындауы 
кезінде 
шартты 
тітіркендіргіштер 
шартсыз 
тітіркендіргіштерден басым болуы қажет. Егер бұл үрдіс керісінше орындалса, 
шартты рефлекс жүзеге аспайды. Шартты рефлекстердің туындауына үлкен ми 
сыңарларының қызметі әсер етеді.
Шартсыз рефлекстердің қоздырушы орталықтарының дәрежесі маңызды 
орын алады. Тек, егер ит азықтанса, шартсыз азықтық рефлекстің қоздырушы 
орталығының деңгейі төмендейді және мұндай жануарда шартты азықтық 
рефлексті тудыру қиынға түседі.
Жануардың денсаулығы маңызды шарт болып табылады және олар үлкен 
ми сыңарлары жағдайының қалыпты болуын қамтамасыз етеді, ауру ағзаға 
патологиялық тітіркендіргіштердің әсер етуін шектейді. Егер жануар ауру болса, 
бас ми қабаттарында патологиялық үрдіспен байланысқан жаңа қоздырғыш 
аймағы пайда болады. Бұл өз кезегінде шартты байланыстардың туындауына кері 
әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ауру кезінде қабыршақ жасушаларының қозу әсері 
төмендейді.
Шартты рефлекстердің пайда болуы кезінде шартты тітіркендіргіштердің 
күші үлкен маңызға ие.
Шартты рефлекстердің биологиялық мәні. Эволюция барысында 
жануарларда ерекше механизм дамыды, ол тек шартсыз тітіркендіргіштерге ғана 
емес ,
солармен 
сәйкес 
келетін 
индифферентті 
(бейтарап) 


59 
тітіркендіргіштердің салмағына да әсер етеді. Осы механизмнің арқасында 
индифферентті тітіркендіргіштердің пайда болуы биологиялық мәні бар 
агенттердің жақындағаны туралы ақпарат береді; Жануар мен қоршаған орта 
арасындағы байланыс ұлғая түседі және жетіле бастайды.
Жануарлар өмір сүрудің ұдайы өзгеріп отыратын жағдайларына 
бейімделуіне мүмкіндік алады. Егер әр түрлі белгілер арқылы азықтың ауыз 
қуысы рецепторларына әсерін ерте білетін болса, ас қорытатын сөлдердің бөлінуі 
ертерек жүзеге асады. Бұл азықтың қорытылуын жеңілдетеді. Егер жыртқыштың 
балалары ұрғашы жануармен аңшылыққа шықса, онда шартсыз тітіркендіргіш – 
азық көптеген белгілермен ұштасқан белгілермен сәйкес келеді.
Бұл белгілерге құрбанының иісі, одан шыққан дыбыстар, қозғалысының 
дыбыстары және де түрі жатады. Бұндай белгілердің азық іздеумен көптеп 
үйлесуі ондағы шартты рефлекстердің туындауына ықпал етеді. Бұл рефлекстер өз 
кезегінде жыртқышқа өз жемтігін табуға көмектеседі. Шартты қорғаныш 
рефлекстері жануарларға алдын ала қорғануғажәне сақтануға мүмкіндік береді.
Жыртқыштан шыққан дыбыстар, оның иісі, жердегі іздері – мұның барлығы 
жануарларда қорғаныш рефлексін тудыратын тітіркендіргіштер болып табылады. 
Шартты байланыстары қалыптаспаған қозылар жыртқышы жақындағанда қаша 
алмай нәтижесінде өлімге ұшырайды. Ал ересек қойлар алғашқы белгілерінен-ақ 
қаша бастайды. Демек, өзінің белгі беретін қасиетіне қарай шартты рефлекстер 
жануарлардың өмір сүруіне қажетті болып табылады. Бірақ белгілік және 
көбінесе дистантты ( қашықтықта орналасқан) шартты тітіркендіргіштердің іс - 
әрекеті – шартты рефлекторлы байланыстардың бір ғана қасиеті емес. Егер 
шартсыз тітіркендіргіштер ағзаның тек тұрақты жағдайларда ғана қолданылатын 
болса, шартты рефлекстер – бекітілген, уақытша, өзгергіш рефлекстер – жануар 
ағзаінің қоршаған ортаның әсеріне сай тез арада өзінің реакцияларын, мінез – 
құлқын өзгерте алуға мүмкіндік береді. Осылайша, қоршаған ортаның үнемі 


60 
өзгеріп тұруынан эволюция барысында жануарлардың ағзаінің бейімделушілігі 
нәтижесінде қоршаған ортанмен әрекеттесудің тиімді формасы – шартты 
рефлекстер пайда болды. 
Сонымен қатар айта кететін жайт, шартты рефлекстердің көмегімен бірінші 
ұрпақтан екінші ұрпаққа мәліметтері жеткізу жүреді. Өзінің барлық өмірлік 
тәжірибесін, шартты рефлекторлық байланыстардың жиынтығын үлкен тап 
өкілдері өз ұрпақтарына береді. Ата – аналық ұрпақтың тәжірибесі қаншалықты 
мол болса, жас ұрпақтың тәжірибесі мен шартты рефлекторлық механизмі де 
соншалықты бай болады. Ақпараттың берілуі шартты рефлекторлық табиғаты тән 
еліктеу рефлекстерінің көмегімен жүзеге асады. Еліктеуші рефлекстер көптеген 
жануарлардың түрінде тез дамиды. Мысалы, шымшық құстарын үш жарым 
жүзжылдық мерзімде үйге бейімдеу нәтижесінде олар ағаштың қабықтарын шоқу 
рефлексін ұмытып қалған. Шымшықтар оны шоқып тұқымдарын алуды жүзеге 
асыра алмайды. Бірақ, егер оны істей алатын шымшық балапанын торға 
орналастырса, аған қабығын шоқи береді.
Шартты рефлекстер - әмбебап құбылыстар болып табылады. Олар 
жануарлардың, ең қарапайымдыларынан бастап адамға дейінгі әр түріне тән.
Барлық омыртқалы жануарлардың класының ( балықтар, амфибиялар, 
рептилиялар, құстар және сүтқоректі жануарлар) шартты рефлекстері тек бір 
принцип бойынша пайда болады, бірақ уақытша байланыстардың қалыптасуында 
ми қыртысының әр түрлі бөлімдері айтарлықтай роль атқарады. Балықтарда
аралық ми мен мишық мұндай бөлімдер болып табылады. Рептилиялар мен 
құстарда тұйықтаушы функцияны үлкен ми сыңары атқарады, бұл функцияның 
жүзеге асыруда аралық мидың да атқаратын рөлі маңызды. Ал сүтқоректі 
жануарлардың шартты рефлекторлық қызметін үлкен ми сыңарларының 
қабаттары атқарады.


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет