Жануарлар этологиясы



Pdf көрінісі
бет23/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

Шартты тежеуіш.Егер оң нәтижелі шартты рефлекс пайда болған 
тітіркендіргішке тағы бір агент қосып, ол комбинацияны байланыстырмаса, уақыт 
өте әрекетсіз болып қалады. Мысалы, иттерде айналғыш затқа (айналма) сілекей 
бөлетін шартты рефлекс қалыптасқан. Айналғыш затты «до» тонымен бірге 
қалыптасады және де бұл комбинацияны байланыстырмайды. Ең алғашында 
жануарларда пайда болған берік рефлекстің арқасында айналмалы затқа оң 
реакция береді. Кейін ішкі тежелу дамиды, жануарлар оң тітіркендіргіштермен 
байланыспаған комбинацияларды ажырата бастайды. Шартты тежеуіш өзінің 
пайда болу механизміне қарай жетілуден еш айырмашылығы жоқ. Бұл жерде де 
кейде ұқсас, кейде өзгеше тітіркендіргіштердің талдауы жүреді.
Шартты тежеуіш типіндегі ішкі тежелу, қосымша агент және оң шартты 
тітіркендіргіш уақыт кеңістігінде бір – бірімен бірлесу кезінде ғана дамиды. Егер 
осы агенттің әсері оң шартты тітіркендіргіштің әсер етуінің басталуына 10 с бұрын 
тоқтатса, бұл жерде екінші дәрежедегі шартты рефлекс қалыптасады. 


66 
Кешігу. Шартты тітіркендіргіштің әсер етуінің басы мен жәрдем беру 
арасында біраз уақыт (2-3 минут) өтетін болса, онда шартты рефлекс шартсыз 
жәрдемнің жағдайына қарай ығысады. Бұл жерде шартты тітіркендіргіштің әсер 
етунің эффекті екі фазадан тұрады: бастапқы - әрекетсіз және екіншісі - әрекет 
етуші. Шартты тітіркендіргіштің қабыршақ орталығындағы әрекетсіз фазада 
кешігу деп аталатын ішкі тежелу дамиды. Демек, егер қоңырауға сілекей бөлудің 
шартты рефлексінің пайда болуы кезінде азықпен қамтамасыз ету дыбыс 
естілгеннен кейін 3 минуттан соң берілсе, сілекей бөліну де сондай уақыт 
аралығынан кейін басталады.
Үлкен ми сыңарларында қозу мен тежелудің өзара қатынасы. 
Қоздыру 
мен тежелудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет