Жануарлар этологиясы



Pdf көрінісі
бет25/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

қыртыстарындағы 
индукция. 
Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдеріндегідей, үлкен ми сыңарларының 
қабаттарында индукция, яғни қоздыру мен тежелудің өзара қатынасына сай 


68 
байқалады. Нәтижесінде оң немес теріс индукция көрінетін белгілі бір баланс 
пайда болады. Оң нәтижелі индукцияға мысал ретінде келесі тәжірибені айтуға 
болады. Иттердің алдыңғы аяқтары терісінің механикалық тітіркенуіне шартты 
азықтық рефлекс тән. Жануардың артқы аяқтарының механикалық тітіркенуі 
тежеуіш ретінде жасалған. Егер оң нәтижелі шартты тітіркендіргішті тежеуіштен 
кейін қолданса, шартты рефлекстің тез арада артуы байқалады (сілекей бөліну бір 
жарым есеге ұлғаяды). Теріс нәтижелі индукцияға мысал ретінде ориентирлік 
реакциямен шақырылған ішкі тежелуді айтуға болады. Кез келген кенеттен әсер 
еткен жанама тітіркендіргішке жақсы өндірілген шартты рефлекстер де жауап 
қайтармайды. Бұл жағдайда кенет пайда болған қоздырушының ошағы басқа да 
қабаттардың орталықтарында тежелу күйін индукциялайды және шартты 
рефлекторлы жұмыстың орындалуына кедергі келтіреді.
Жүйелі, немесе уақытша, индукция дәл сол қабыршақ орталығында 
қоздырғыштың немесе тежегіштің тоқтауынан кейін қарама – қарсы жүйке 
үрдістерінің пайда болуымен сипатталады.
Индукция өз көріністеріне қарай иррадиацияға қарама – қарсы болып келеді. 
Егер иррадиация бір мағыналы үрдістерді таратудан тұрса, ал индукция, 
керісінше, қарама – қарсы сипатта әсер туғызады және иррадиацияны шектейді. 
Ол жүйке үрдістерінің концентрациясына ықпал тигізеді.
Ми қыртыстарының жасушаларының қоздыру жағдайынан тежелуге өтуі 
бірнеше өтпелі фазалардан тұрады. Оларды И.П. Павлов гипнотикалық фаза деп 
атаған. Бұл фазалар өзінің пайда болу сипатына қарай қоздырудан тежелуге өту 
кезіндегі 
перифериялық 
жүйкелерде 
туындайтын 
Н.Е. 
Введенскийдің 
парабиотикалық фазаларына ұқсас болып келеді. Қалыпты жағдайларда шартты 
рефлекстің үлкендігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Қоздырудан тежелуге 
өту кезінде ең алдымен теңдестіруші фаза туындайды. Ол әлсіз 
тітіркендіргіштерге де, күшті тітіркендіргіштерге де шартты реакция бірдей 


69 
болуымен сипатталады. Қабыршақтың тежелу жағдайының тереңдеуінен
теңдестіруші фазаның келесі – парадоксті фазаға өткенін байқауға болады. Әлсіз 
тітіркендіргіштер күшті тітіркендіргіштерге қарағанда көп мөлшерде шартты 
рефлексті тудырады. Тежелудің одан әрі күшеюі нәтижесінде барлық оң 
нәтижелі тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер мүлдем жойылады, тежегіш 
шартты тітіркендіргіштердің әсері оң нәтиже бере бастайды. Бұл фаза түрі үлкен 
ми сыңарларында ғана байқалады. Оны ультрапарадоксті фаза деп атайды. 
Ақырында, толық тежелу формасы пайда болады және барлық тітіркендіргіштерге 
шартты рефлекстер жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет