67
орнатпауының нәтижесінде және де қоздырушыны шектейтін ішкі тежелудің
дамуынан пайда болады. Қоздырушы мен тежелу үрдістерінің іс - әрекетінің
сипаты олардың күшіне тәуелді болады. Әлсіз үрдістер
әдетте алыс емес
қашықтықтарды салыстырмалы түрде баяу иррадиациялайды. Орташа күшті
үрдістер мүлдем иррадиацияламайды немесе болмашы шектеулерге ғана
таралады,
күшті
дәрежедегі
үрдістер
ең
жоғарғы
жылдамдықпен
иррадиациялайды. Бұл үрдістердің концентрациясы иррадиацияға қарағанда
әлдеқайда баяу өтеді. Үлкен ми сыңарларындағы жүйке үрдістерінің іс - әрекеті өз
жолында иррадиациялайтын үрдіспен жолығатын
қабыршақтың жасушаларына
да тәуелді болып келеді. Егер нейрондар тұйықталған жағдайда болса, ол қоздыру
үрдісінің енуіне кедергі жасайды және керісінше, егер олар қоздыру жағдайында
болса, тежелу оларды қиындықпен қамтиды. Жүйке үрдістерінің иррадиациясы
мен концентрациясының жылдамдығына жүйке жүйесінің типі мен дара
ерекшеліктері де өз ықпалын тигізеді. Бірақ, егер
қоздыру импулсьтары мен
олардың таралуы оларға тәне электрлі құбылыстарға сай табылатын болса, ал
«тежелу импулсьтарын» әлі де табыла қоймаған болып саналады. Сондықтан да
тежелудің таралу механизмі әлі анық емес.
Қазіргі уақыттағы көптеген
физиологтардың
ойынша,
тежелу
өз
бетімен
таралмайды
және
иррадиацияланбайды.Егер, мысалы, үлкен ми сыңарларының белгілі бір
аумағында монотонды тітіркендіргіштердің әсер етуінен тежелу туындайтын
болса, онда осы қабаттарының аймағынан импульстер
ретикулярлы формацияға
барады және олардың әсерінен импульстардың келуі шектеле бастайды,
нәтижесінде қабыршақтық нейрондарының қызметінің тоқтауына әкеп соғады.
Демек, бұл жерде тежелудің таралуы емес, оқшаулауы, қоздырушының
иррадиациясының шектелуі байқалады.
Ми
Достарыңызбен бөлісу: