Инстинктивті мінезқылықтың ішкі факторлары. Инстинкт және үйрену
мәселесі мінезқылық мотивациясының ішкі және сыртқы факторларының
мәселесіне тікелей байланысты.
Инстинктивті әрекет ішкі, сонымен бірге жасырын себептермен анықталады
деп ұзақ уақыт есептілінде, сол уақыттарда дара үйрену ретінде ішкі реттегіштерге
байланысты болды.
Декарт заманында аса дамыған механикалық тәсілдерді мінезқылықтың
қозғалмалы ішкі факторлары мойындады.
Қазіргі уақытта, мотивация, инстинктивті мінезқылықтың жылжымалы
күштері, мінезқылықтың өзі туралы біз не білеміз? Ең алдымен, осыған
байланысты күрделі физиологиялық үрдістерге сүйенбей-ақ, қандай да болсын
мінезқылықтық актіге біріншілік түрткі беретін ішкі факторларға тоқталамыз.
Жануар ағзасының ішкі ортасы ассимиляция және диссимиляцияның
тоқтаусыз үрдістеріне қарамастан, үздіксіз жаңарып отырады, бұл орталар өзінің
физиологиясын өзгертпейді. Ішкі ортаның тұрақтылығы – ағзаның өміршеңділігі
үшін қажетті жағыдайлар туғызады. Тек осы кезде ғана, қажетті биохимиялық
және физиологиялық үрдістер жүзеге асырылады, тіпті қалыптан азғантай ғана
ауытқу интерорецепторлар жүйесімен қабылданады, өзіндік реттеудің
физиологиялық механизмінің әрекетіне алып келеді, соның нәтежиісінде осы
бұзылулар жойылады.
Кеңес физиологы академик П.К.Анохин өзіндік реттеудің осындай
механизмі деп қайтымды байланыстардың қағидаттары арқылы функцияланатын
(қайтымды афферентация) және функциональді жүйе ретінде білдірілетін күрделі
динамикалық құрылыстарды есептеді.
18
Ішкі ортаның тұрақтылығы ағзаның ішкі үрдістерінің өзінен – өзі қалпына
келетін теңдестігіне негізделген. Осы үрдістердің маңызды ерекшелігі, олар ырғақ
формасында жүзеге асады, олар өзіндік реттеу жүйесінде құрылады. Осы
ырғақтардың жылжуы кезінде кеңес зоопсихологы В.М.Боровский 30-шы
жылдары, тәртіптің біріншілік мотивациясын қарастырған. Инстинктивті мінез –
қылықтың идеалистік түсінігіне қарсы түсе отырып, ол осы тәртіптің
мотивациясын көрсетті, яғни талаптану немесе бейімделу деп атау қалыптасқан.
Ішкі талпыныс – барлық физиологиялық үрдістер ырғақтарының корреляциялану
жағыдайларында тиімдірек жағына қарай, ағзадағы физиологиялық ырғақтарды
коррелциялаудың алға басуы болып табылады.
Ішкі тепе-теңдіктің тұрақты қалыптасуы кезінде, орыс ғалымы Боровский
ағзаның өміршеңділік негізін қарастырған. Оның айтуынша, мінезқылық
мотивациясының негізі мен бірінші себептері ағзаның өміршеңділігін
қамтаммасыз ететін ішкі ырғақтардың бұзылу, физиологиялық функциялардың
қалыпты деңгейінен біршама ұзақ уақыт ауытқуы болып табылады. Осы алға
басулар, мінезқылық бағытталған қанағаттанарлыққа қажеттіліктің пайда
болуында байқалады.
Мінезқылықтың ішкі мотивациясы үшін бірінші дәрежелі маңызы – орталық
жүйке жүйесінде жүріп жатқан, ырғақты үрдістер болып табылады.
Омыртқасыздардың омыртқалы және құрсақ жүйке құрылысыныдағы оның
бағаналық бөлігінің өзіндік ырғағы ең алдымен бағдарды қамтаммасыз етеді.
Қазіргі кезде, автономды, өздігінен қозатын ауытқулы үрдістер белгілі (ішкі
немесе биологиялық сағаттар), олар ағзаның өміршеңдігінің жалпы ырғақтылығын
реттейді, бұл мінезқылық жағынан жануарлардың ішкі белсенділігінің кезеңдік
ауытқуын білдіреді. Ырғақты қайталанатын әрекеттердің бастауы мен аяқталуы
космостық уақытпен үйлестіріген «ішкі сағат» ырғағымен анықталады. Маңызды
түзетулер мен өзгерістер мінезқылықтық ырғаққа, көп түрлі ортаның маңызды
19
биологиялық факторларымын енгізіледі, бірақ инстинктивті мінезқылықтың
жалпы «арқауы» шамамен тәулікке жақын кезеңдегі өзідігінен қозатын ауытқу
үрдістерімен анықталады (тәулік шамасындағы ырғақ, «циркадты» ырғақ).
Бұл ырғақ қалыпты жағыдайда жердің өз осьінен айналуымен анықталатын
қоршаған ортадағы табиғи өзгерістермен үйлестірілген: бір тәулік ішінде.
Сонымен қатар, жануарды толық оқшаулаудың жасанды жағыдайларында,
қалыпты жағыдайлардағы мерзімдердегі секілді белсенділік формасының
қарапайым ауысымын бақылауға болады.
Жануарлар мінезқылығында циркадты ырғақтан басқа, бір күн ішінде
бірнеше рет қайталанатын қысқа мерзімді ырғақтар байқалады. Неміс этологы,
В.Шлейд күрке тауықтың қытқылдауының кезең сайын қайталануы құстың
сыртқы әлемнен, тіпті естуінен айырылып, оқшаулануы кезінде толық
заңдылықпен қайталанатынын анықтады. Әрине, ішкі ырғақтардың қалыпты
жағыдайларда өтуі сыртқы әсерлердің (есту, көру және басқада реттегіштер,
метеорологиялық факторлар және т.б.) әсерінен өзгереді, сондай-ақ, жануардың
жалпы физиологиялық факторына байланысты болады.
Жануардың кеңістікте бағдарлануы үшін «ішкі сағаттар» қажет. Осыған
мысал ретінде құстың ұшуы кезіндегі бағдарлануын айтуға болады. Мысалы, күн
секілді астрономиялық бағдарын нұсқау етіп, құстар өздерінің жағыдайларын күні
бойы көк аспанда болатынын ескерулері қажет, ол циркадты ырғақ фазасымен
күннің жағыдайы туралы қабылданатын салыстыру жолымен жүзеге асады.
Шлейдтің жүргізілген эксперименті, жүйке жүйесіндегі эндогенді
үрдістердің белгілі бір инстинктивті қозғалыстарды қамтаммасыз етуге қабілетті
екендігін көрсетеді. Мысалы, неміс нейрофизиологы Э.Хольст тауықтың бас
миының бағаналық бөлігінде әр функционалдық маңызы бар типті инстинктивті
қозғалыстарды тудыратын активация (электрлік токпен жүргізген эксперименті)
аймақтарының қатарын анықтады. Осыған байланысты, нығайған күшпен мидың
20
сол аумақтарын тітіркендірген кезде, табиғи реттілікпен бір инстинктивті әрекет
басқасымен алмасады. Нәтежиісінде белгілі бір биологиялық маңызды жағыдайда
тауықтармен орындалатын түрлік типті тізбек қалыптасты. Бұл кездегі қозғалыс
реакцияларының орындалуы ғана емес, сондай-ақ, олардың пайда болуының
реттілігі де тауықтың табиғи мінезқұлығына сәйкес келеді: алғашынды сәл
тынышсызданды, кейін көтеріліп, тынышсыздығы ұлғайды және ақырында ұшып
кетті. Осының барлығы қандай да бір дәлме – дәл сыртқы тітіркендіргіштердің
қатысуынсыз жүзеге асты. Осыны ескере отырып, эндргенді негізден аса жеке
инстинктивті қозғалыстар ғана емес, сонымен қатар инстинктивті әрекет
қозғалыстарының толық жүйесі орындалуы мүмкін екенін байқауға болады.
Әрине, табиғи жағыдайларда түрлік типті, туа біткен әрекеттердің осындай
жүйелері сыртқы, экзогенді агенттердің әсерінен қосылады. Ол біздің
мысалымызда қабылданған экстрарецепторлармен жауының жақындау әрекеті
ретінде келтірілген. Осы жағыдайда оның ақырындап жақындауы ми
құрылысының сәйкес аумақтарының тітіркенуінің күшейуін тудырады. Ол
эксперимент кезінде электр тогының әсерімен жасанды түрде орындалды.
Олай болса, мінезқылық өзінің негізінде ішкі, сондай-ақ ұйымдасқан болып
табылады. Ол биологиялық өзіндік реттеу жүйесіне негізделеді, ағзаның басқада
функцияларын анықтайтын түрдің генетикалық қорына сақталады. Осының
нәтежиісінде жануар өміршеңділігінің барлық формаларының бірлігі пайда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |