Жануарлар этологиясы


Этологиялық зерттеулердің негізі



Pdf көрінісі
бет4/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

Этологиялық зерттеулердің негізі: Жануарларды ұстаудың этологиялық 
зерттеулері үш негізгі мақсатқа негізделеді. 
1.Практикада немесе эксперименттік түрде тиімді ұстау жүйесін анықтап 
бағалау үшін әр түрлі жануарлардың өмір сүру қабілетін оқып білу барысында
олардың тұқымы, жасы мен өндірістік санатын өмір сүру ортасына сай 
(анықталған биоклиматтық, технологиялық және өндірістік-ұйымдастыру 
көрсеткіштері арқылы) зерттеу жүргізу керек.
2.Әр түрлі параметрлерге байланысты жануарлардың әрекет қабілеттілігін 
немесе қоршаған ортаның параметрлерінің сәйкестігі, биологиялық және физика-
техникалық мінезі арқылы модельді оқып білу. Бұл екінші топтағы зерттеулер 
негізгі этологиялық қасиеттерді анықтайды және де оларды ұстау жағдайына 
байланысты ортаның бөлек параметрлері арқылы техникалық сұрақтарды шешуде 
басты рөл атқарады. 
3.Бір түрдегі, бірақ әр түрлі тұқымдағы, санаты мен өнімділігі жағынан 
біркелкі 
өндірістік-технологиялық 
жағдайда 
ұсталған 
жануарлардың 
салыстырмалы этологиялық зерттеу барысында зерттелген жануарлар топтарының 
негізгі өмір сүру қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге мүмкіндік туады. 
Айта кететін болсақ, жануарлардың ішкі ортаға әсер етуі негізгі шешуші 
фактор болып табылады. Өйткені жануарларды ұстау жағдайын бағалау олардың
әр түрге табиғи талап қоюына сәйкес және сауалды тиімді практикалық 
қолдануда қанағаттануы тиіс. 
Ортаның өзгеруіне байланысты жануарлар көп түрлі реакцияларға әсер 
етеді, көбіне ең басты олардың негізгі өмір сүру ортасының өзгеруі басты себепші 
болады. Сондықтан да мұны ағзаның ішкі жағдайға интегралдық реакциясы деп 
санаймыз.


10 
Ауылшаруашылық малдардың өмір сүру тәжірибесі жөніндегі негізгі 
ақпарат оларға тәжірибе жүргізуге және алынған көрсеткіштерді талқылау үшін 
қажет. Бұл қарапайым мәліметтерсіз сыртқы тәжірибелердің дұрыс жүргізілуі 
олардың көрсеткіштеріне малдың тәртібіндегі реакциялардың кем есептелуіне 
әсер етеді. Осы мәліметтер арқылы авторлардың бір өзекті мәселені шешу 
барысында бір әдістемені қолдануы, бірақ сонда да әр түрлі көрсеткіштерге жетуін 
осыдан түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет