Жануарлар этологиясы


Өмірлік көріністерінің өзгерістері



Pdf көрінісі
бет7/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

 
Өмірлік көріністерінің өзгерістері 
Жеке түрлердің барлық өмірлік көріністері физиологиялық функцияларға 
негізделеді.Өмірлік көріністердің кез келген түрі сезу ағзаларының стимулдарды 
қабылдау, осы стимулдардың жүйке жүйесі мен қозғалғыш ағзаларының жауап 
қайтаратын жүйесінен тұрады.
Жалпы физиологиялық механизмдерден басқа, әр өмірлік көріністер өзінің
спецификалық физиологиясына ие болуы мүмкін. Олар арнайы жүйке 
талшықтарынан тарайтын ерекше ішкі импульстардан туындайды. 
Жабайы жануарларды этологиялық зерттеу барысында, жеке түрлері жылдар 
бойы мінезқұлықтыбасқаратын тәуліктік режимнің белгілі заңдылықтарымен және 
тиісті дараның әр даму сатысы арқылы ерекшеленетіні анықталған. Бұл 
заңдылықтар барлық жануарлар үшін бірдей болып табылады. Жануарлардың 


15 
мінезқұлқы белгілі бір ортадағы тәуліктік режимін шектемейді. Жануар және ол 
өмір сүретін қоршаған орта бір тұтас. Жануарлардың қоршаған ортаға деген көз 
қарасы өзгеріп тұрады, бірақ көп жағдайда динамикалық болып келеді. Қоршаған 
ортаның өзгерісі жануарлардың өмірлік тепе-теңдігін бұзып, айналасындағы 
өзгерістерге бейімделуін тудырады. Жануарлардың ағзаның физиологиялық және 
анатомиялық ерекшеліктері арқылы қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделу 
қабілеті анықталады. Жануарлардың қарсы тұру қабілеті олардың түрлік, типтік 
ерекшеліктеріне және көбінесе жануардың жасына байланысты болады.
Бейімделу 
негізі 
тұқымына, 
жынысына, 
тұқым 
қуалаушылық 
комбинациясына және ағзаның дамуы мен қалыптасуына байланысты.
Көптеген факторлардың бір уақытта әсер етуі. Әр түрлі факторлардың 
әсер етуі негізінде жүргізілген талдаулардан ерекше нәтежиілер алынды. Мысалы, 
жануарлардың белсенділігіне жарықтың, уақыттың және азықтандыру 
шарттарының әсер етуі. Егер жануарларды аз азықтандырса, онда олардың 
белсенділігі азық беру уақытымен анықталады және шешуші әсері ретінде 
ағзаның қажеттілігін қанағаттандыра алмайтын факторлар пайда болады. Егер 
азық жеткілікті болатын болса, онда азықтандыру уақыты жануаралардың 
белсенділігіне әсер етпейді. Бұл тышқандарға қойылған тәжірибелерде жақсы 
дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет