8
ЖАНУАРЛАР ЭТОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ
Ауыл шаруашылық жануарларының этологиясы
жануар ағзасында пайда
болатын өмірлік ерекшекліктерді қысқаша сипаттайды.
Этология – бұл экологиялық аспектілермен тығыз байланысқан зоологиялық
пән. Оның аты гректің «этос» деген сөзінен шыққан,
яғни әдет деген мағынаны
береді.
Этологияның негізі нақты зоологиялық обьектілерге негізделген индуктивті
зерттеу болып табылады. Этология тәуліктік режимді белгілі бір жануарлардың
түріне қарай реттейді.
Этология жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы этология жануар
ағзасында болатын өмірлік көріністердің негізін қалайды және жануардың жүйке
жүйесінің, гормондарының, ағзаның тұқым
қуалаушылық факторларының,
абиотикалық әсерлерінің және өмірлік көріністерінің динамикасын сипаттайды.
Жеке этологияның зерттеу нысанына жеке түрлердің әлеуметтік жағдайы,
жануарлардың өзіндік қарым – қатынасы, көбею кезіндегі мінезқылық формалары
(мысалға, ұяны салу және т.б.) жатады.
Қазіргі түсінік бойынша этология сипаттамалық ғылым ғана емес, сонымен
қатар физиологияның бір бөлігі болып саналады
және этологияны биологиялық
зерттеулердің жеке бағыты ретінде қолданады. Негізгі этологиялық зерттеулер
жабайы
жануарларға, сирек ауыл шаруашылық жануарларына жүргізілді. Соңғы
онжылдықта көптеген этологиялық зерттеулер ауыл
шаруашылық жануарларына
да жүргізіліп келді. Бұл зерттеулердің нәтижелерін алу үй жануарларын бейімдеу
кезіндегі өзгерістерді болдырмау үшін қажет болды. Бұл қоршаған ортаның
түбегейлі өзгеруіне, ағзаның негізгі стимулдарының жоғалуымен (азық қабылдау,
өсіру және жұптастыру кезінде) және жануарлардың
өнімділігінің артып,
біржақты болуына байланысты болып,
сонымен қатар, қолайсыз жағдайларға
жануарлардың ағзасының сезімталдығы артады. Этология саласында жүргізілген
9
зерттеулер ауыл шаруашылығы жануарларының өмірлік
көріністеріне қатысты
негізгі параметрлерін жіктейді.
Достарыңызбен бөлісу: