Жануарлар этологиясы


Күрделі  рефлекторлық  реакцияларды  жүзеге  асыру



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Күрделі  рефлекторлық  реакцияларды  жүзеге  асыру.  Ағзада  жүріп 
жатқан  рефлекторлық реакциялардың жиынтығы екі топқа бөлінеді: шартты және 
шартсыз рефлекстер 
 Шартты рефлекстерді жүзеге асуы үшін мына әдістемелер қолданылады: 

 
Павловтың сөл бөлуге жүргізген классикалық әдісі; 

 
қозғалтқыш - қорғаныс; 

 
қозғалтқыш – азықтық және т.б.. 
Шартты рефлекстердің жүзеге асу әдістемесі.Шартты рефлекстер шартсыз 
рефлектсер негізінде белгілі бір жүйе бойынша пайда болады: 
-
 
шартты тітіркендіргіш шартсыздың басталуына қатысуы керек: 
-
 
шартты тітіркендіргіш бастаушы күш болуы керек; 

 
55 
 
-
 
жануарлармен  дыбыс  өтпейтін  камерада  және  стереотипті  жағыдайларда 
жұмыс  істеу  керек:  сол  және  басқа  жағыдайларда,  бір  уақытта,  әр  түрлі 
манипуляциялардың реттілігін сақтау керек; 
-
 
үлкен жарты шарлардың қабықшаларының қалыпты қызметтік жағыдайы. 
Шартты  рефлекстердің  пайда  болуы  қабықшаның  жүйке  торшаларының  екі 
тобының арасындағы уақытша байланыстың пайда болуына негізделген: 
-
 
шартты тітіркендіргіштерді қабылдайтын топтар; 
-
 
шартсыз  тітіркендіргіштерді  қабылдайтын  топтар  және  оларды  бірнеше  рет 
қайталау кезінде, олардың арасында уақытша байланыс түзіледі. 
Шартты  рефлекстердің  тежелуі.  Тежелу  және  қозу  –  ағзаның  қоректену 
ортасымен  көп  түрлі  байланысын  қамтаммасыз  ететін  біріңғай  қабықшалы 
үрдістің тізбегі. Бөлінеді:  
-
 
ішкі – шартты тежелулер (шартты тітіркендіргіш шартсызға біркпеген кезңде 
туындайды); 
-
 
шартсыз – сырқы тежелулер (үлкен күштердің жауабына туындайды). 
Ұйқының физиологиялық механизімі.Ұйқы – әр жануардың өмірлік қажеттілігі 
  
Ұйқыға  кетудің  бірінші  кезеңінде  жануарлар  сыртқы  тітіркендіргіштерге 
мән бермейді. Ұйқының негізгі белгісі – қоршаған орта әрекетінен өшу.  
Заманауи көзқарастарға сәйкес, ұйқы дегеніміз – демалу ғана емес, сондай-
ақ күні бойы жиналған әр түрлі ақпараттарды қайта өңдеуге бағытталған жұмыс. 
Ұйқының  келесі  түрлері  болады:  кезеңдік,  тәулік  сайынғы,  кезеңді  мерзімдік, 
наркотикалық, гипнотикалық, патологиялық 
Вегетативті рефлекстер – вегетативті жүйке жүйесінің нейрондары көптеген 
рефлекторлық  реакциялардың  жүзеге  асуына  қатысады.  Олар  тітіркенумен, 
экстро-  және    интерорецепторлармен  туындауы  мүмкін.  Вегетативті  рефлекс 
кезінде  импульстер  симпатикалық  және  пара  симпатикалық  жүйкелер  арқылы 
орталық  жүйке  жүйесінен  перефериялық  ағзаларға  өтеді.  Ақырғы  реакцияларды 

 
56 
 
жүзеге асыруға қатысатын жұмысшы ағзалардың рефлекстері мен эффекторларын 
тудыратын  тітркену  рецепторларының  орналасуына  байланысты,  вегетативті 
рефлекстер бірнеше топтарға бөлінеді: 
-
 
висцеро  -  висцеральді  рефлекстер,  бір  ішкі  ағзадан  басқасына  және  сол 
ағзаның өзіне; 
-
 
висцерокутанды – ішкі ағзалардан теріге өтетін рефлекстер
-
 
кутановисцеральді – теріден ішкі ағзаларға; 
-
 
висцероромоторлы – құрсақ қуысынан іш бұлшық етіне; 
-
 
висцеро - сенсорлы – құрсақ теріге немесе керісінше. 
Аксон  -  рефлекстер.Вегетативті  жүйкелердің  тітіркенуі  кезінде  ерекше 
реакциялар  анықталады,  олар  аксон-рефлекстер  немесе  псевдорефлекстер  деп 
аталады.  Аксон-рефлекстердің  шынайы  рефлекстерден  айырмашылығы,  оларда 
рецепторлы  нейрондардан  эффекторларға  қозу  өтпейді.  Егер  пре-және 
постганглионарлы  нейрондардың  аксондарының  тармақтануы,  бір  тармақ  бір 
ағзаны  немесе  оның  бөлігін  жүйкелеп,  ал  екіншісі    басқа  ағзаны  немесе  оның 
бөлігін  жүйкелеу  арқылы  жүзеге  асатын  болса,  олар  осындай  жағыдайларда 
туындауы мүмкін. Осындай тармақтанудың салдарынан, бір тармақтың  тітіркену 
аксондары,    қозуды  екінші  тармақтың  бойымен  таратуы  мүмкін,  соның 
салдарынан ағзаның тітіркену орынынан алыстаған реакциялар жүзеге асады.  
Вегетативті  жүйке  жүйесінің  қызыметі  ОЖЖ-ң  жоғары  бөлігіне,  қабықша 
асты ядроларына, сондай-ақ гипоталамусқа әсер етуіге бағынады.  
Гипоталамус  ағза  функциясын  реттеуде  маңызды  рөл  атқарады. 
Гипоталамуста жұлынның симпатикалық нейрондарын немесе ми бағаналары мен 
жұлынның  парасимпатикалық  нейрондарын  стимуляциялайтын    ядролар  болады. 
Оларды  трофотропты  және  эрготропты  ядролар  деп  атайды.  Олар 
гипоталамустың алдыңғы бөліктерінде орналасқан. 

 
57 
 
Мишық  ОЖЖ-ң  рефлекторлы  қызметінде  маңызды  рөлге  ие.  Ол 
симпатикалық  жүйке  жүйесі  ретінде  адаптациялық  –  трофикалық  функцияны 
орындайды  ,яғни  бұлшық  еттік  белсенділікті  орындау  үшін  ағзаның  барлық 
резервтерінің  активациясына  қатысады.  Ол  вегетативті  жүйке  орталықтарының 
қозуына әсер тигізеді және қозғалу актілерін орындау үшін ағзаның бейімделуіне 
мүмкіндік  туғызады.  Олай  болса,  оны  вегетативті  соматикалық  жүйке  жүйесін 
біріктіруші деп санауға болады. 
Үлкен жарты шарлардың қабықшалары вегетативті жүйке жүйесін реттеуші 
ретінде жұмыс істейді.  
И.П.Павловтың  жоғары  жүйке  қызметінің  түрлері  туралы  ілімі.  Жоғары 
жүйке  қызметінің  түрлерінің  сипаттамасы,  үлкен  жарты  шарлардың 
қабықшасының  функциональді  қасиетін  сипаттайтын  қозу  мен  тежелу  үрдісінің 
басты  ерекшелігіне,  байланысты.  И.П.Павлов  жоғары  жүйке  қызметі  түрлерінің 
жіктелуін  үш  белгісі  бойынша  жүргізді:  жүйке  үрдісінің  күші,  теңеделген  және 
қозғалғыштық.  И.П.Павловтың  жіктеуі  бойынша,  жануарларда  жоғары  жүйке 
қызыметі түрлерінің негізгі төрт типін бөледі:  
-
 
күшті  теңделген  қозғалтқыштық  –  бұл  типқозу  мен  тежелудің  күшті 
қозғалыш  үрдістерімен  және  соның  салдарынан  ауыспалы  орта 
жағыдайларына бейімделу мүмкіншіліктеріне ие болуымен сипатталады
-
 
күшті  теңделген  инерттілік  –  қозу  мен  тежелудің  өте  күшті  үрдістеріне  ие, 
бірақ,  олар  жеткіліксіз  түрде  қозғалады,  ол  жүйке  үрдістерінің  тез  ауысуы 
қажет болған кезде теріс әсер береді.  
-
 
күшті  теңделмеген  –  тер/желу  үрдісінен  қозу  үрдісінің  күші  бойынша 
бейімделумен сипатталады; 
-
 
әлсіз  –  жүйке  жүйесінің  басқа  қасиеттерінің  қамтаммасыз  етілуіне 
байланысты,  қозу  үрдісінің  әлсіз  болуымен  сипатталады.  Бұл  қорқақ 

 
58 
 
жанурлар.  Олар  сыртқы  ортадағы  қандайда  болсын  өзгерістерге  оңай 
тежелгіш келеді. 
Динамикалық  стереотип  –  тітіркену  кешенін  бірнеше  рет  қайталайтын, 
мидың  үлкен  жарты  шарларының  қабықшалы  жүйелік  қызметі  (олардың 
арасындағы уақыт интервалдарын сақтай отырып, жеке тітіркендіргіштерді белгілі 
бір тәртіптке дәл келтіру). 
Шартты  рефлекторлық  қызметтің  жалпы  заңдылықтары.  Шартты 
рефлекстің 
туындауы 
кезінде 
шартты 
тітіркендіргіштер 
шартсыз 
тітіркендіргіштерден  басым  болуы  қажет.  Егер  бұл  үрдіс  керісінше  орындалса, 
шартты  рефлекс  жүзеге  аспайды.  Шартты  рефлекстердің  туындауына  үлкен  ми 
сыңарларының қызметі әсер етеді.   
 
 
 
 
 
 
 
Шартсыз  рефлекстердің  қоздырушы  орталықтарының  дәрежесі  маңызды 
орын  алады.  Тек,  егер  ит  азықтанса,  шартсыз  азықтық  рефлекстің  қоздырушы 
орталығының  деңгейі  төмендейді  және  мұндай  жануарда  шартты  азықтық 
рефлексті тудыру қиынға түседі.    
 
 
 
 
 
 
Жануардың    денсаулығы  маңызды  шарт  болып  табылады  және  олар  үлкен 
ми  сыңарлары  жағдайының  қалыпты  болуын  қамтамасыз  етеді,  ауру  ағзаға 
патологиялық  тітіркендіргіштердің  әсер  етуін  шектейді.  Егер  жануар  ауру  болса, 
бас  ми  қабаттарында  патологиялық  үрдіспен  байланысқан  жаңа  қоздырғыш 
аймағы пайда болады. Бұл өз кезегінде шартты байланыстардың туындауына кері 
әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ауру кезінде қабыршақ жасушаларының қозу әсері 
төмендейді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шартты  рефлекстердің  пайда  болуы  кезінде  шартты  тітіркендіргіштердің 
күші үлкен маңызға ие.  
 
 
 
 
 
 
 
 
  
Шартты  рефлекстердің  биологиялық  мәні.  Эволюция  барысында 
жануарларда  ерекше  механизм  дамыды,  ол  тек  шартсыз  тітіркендіргіштерге  ғана 
емес ,  
солармен 
сәйкес 
келетін 
индифферентті 
(бейтарап) 

 
59 
 
тітіркендіргіштердің  салмағына  да  әсер  етеді.  Осы  механизмнің  арқасында 
индифферентті  тітіркендіргіштердің  пайда  болуы  биологиялық  мәні  бар 
агенттердің  жақындағаны  туралы  ақпарат  береді;    Жануар  мен  қоршаған  орта 
арасындағы байланыс ұлғая түседі және жетіле бастайды.   
 
 
Жануарлар  өмір  сүрудің  ұдайы  өзгеріп  отыратын  жағдайларына 
бейімделуіне  мүмкіндік  алады.  Егер  әр  түрлі  белгілер  арқылы  азықтың  ауыз 
қуысы рецепторларына әсерін ерте білетін болса, ас қорытатын сөлдердің бөлінуі 
ертерек жүзеге асады. Бұл азықтың қорытылуын жеңілдетеді.  Егер жыртқыштың 
балалары  ұрғашы  жануармен  аңшылыққа  шықса,  онда  шартсыз  тітіркендіргіш  – 
азық көптеген белгілермен ұштасқан белгілермен сәйкес келеді.   
 
 
Бұл  белгілерге  құрбанының  иісі,  одан  шыққан  дыбыстар,  қозғалысының 
дыбыстары  және  де  түрі  жатады.    Бұндай  белгілердің  азық  іздеумен  көптеп 
үйлесуі ондағы шартты рефлекстердің туындауына ықпал етеді. Бұл рефлекстер өз 
кезегінде  жыртқышқа  өз  жемтігін  табуға  көмектеседі.  Шартты  қорғаныш 
рефлекстері  жануарларға  алдын  ала  қорғануғажәне  сақтануға    мүмкіндік  береді.  
Жыртқыштан  шыққан  дыбыстар,  оның  иісі,  жердегі  іздері  –  мұның  барлығы 
жануарларда қорғаныш рефлексін тудыратын тітіркендіргіштер болып табылады. 
Шартты  байланыстары  қалыптаспаған  қозылар  жыртқышы  жақындағанда  қаша 
алмай нәтижесінде өлімге ұшырайды. Ал ересек қойлар алғашқы белгілерінен-ақ 
қаша  бастайды.    Демек,  өзінің  белгі  беретін  қасиетіне  қарай  шартты  рефлекстер 
жануарлардың  өмір  сүруіне  қажетті  болып  табылады.      Бірақ  белгілік  және 
көбінесе  дистантты  (  қашықтықта  орналасқан)  шартты  тітіркендіргіштердің  іс  - 
әрекеті  –  шартты  рефлекторлы  байланыстардың  бір  ғана  қасиеті  емес.      Егер 
шартсыз  тітіркендіргіштер  ағзаның  тек  тұрақты  жағдайларда  ғана  қолданылатын 
болса,  шартты  рефлекстер  –  бекітілген,  уақытша,  өзгергіш  рефлекстер  –  жануар 
ағзаінің  қоршаған  ортаның  әсеріне  сай  тез  арада  өзінің  реакцияларын,  мінез  – 
құлқын  өзгерте  алуға  мүмкіндік  береді.  Осылайша,  қоршаған  ортаның  үнемі 

 
60 
 
өзгеріп  тұруынан  эволюция  барысында  жануарлардың  ағзаінің  бейімделушілігі 
нәтижесінде  қоршаған  ортанмен  әрекеттесудің  тиімді  формасы  –  шартты 
рефлекстер пайда болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сонымен қатар айта кететін жайт, шартты рефлекстердің көмегімен бірінші 
ұрпақтан  екінші  ұрпаққа  мәліметтері  жеткізу  жүреді.  Өзінің  барлық  өмірлік 
тәжірибесін,  шартты  рефлекторлық  байланыстардың  жиынтығын  үлкен  тап 
өкілдері  өз  ұрпақтарына  береді.  Ата  –  аналық  ұрпақтың  тәжірибесі  қаншалықты 
мол  болса,  жас  ұрпақтың  тәжірибесі  мен  шартты  рефлекторлық  механизмі  де 
соншалықты бай болады. Ақпараттың берілуі шартты рефлекторлық табиғаты тән 
еліктеу  рефлекстерінің  көмегімен  жүзеге  асады.  Еліктеуші  рефлекстер  көптеген 
жануарлардың  түрінде  тез  дамиды.  Мысалы,  шымшық  құстарын  үш  жарым 
жүзжылдық мерзімде үйге бейімдеу нәтижесінде олар ағаштың қабықтарын шоқу 
рефлексін  ұмытып  қалған.  Шымшықтар  оны  шоқып  тұқымдарын  алуды  жүзеге 
асыра  алмайды.  Бірақ,  егер  оны  істей  алатын  шымшық  балапанын  торға 
орналастырса, аған қабығын шоқи береді.  
 
 
 
 
 
Шартты  рефлекстер  -  әмбебап  құбылыстар  болып  табылады.  Олар 
жануарлардың,  ең  қарапайымдыларынан  бастап  адамға  дейінгі  әр  түріне  тән.
 
Барлық  омыртқалы  жануарлардың  класының  (  балықтар,  амфибиялар, 
рептилиялар,  құстар  және  сүтқоректі  жануарлар)  шартты  рефлекстері  тек  бір 
принцип бойынша пайда болады, бірақ уақытша байланыстардың қалыптасуында 
ми  қыртысының  әр  түрлі  бөлімдері  айтарлықтай  роль  атқарады.    Балықтарда  
аралық  ми  мен  мишық  мұндай  бөлімдер  болып  табылады.  Рептилиялар  мен 
құстарда  тұйықтаушы  функцияны  үлкен  ми  сыңары  атқарады,  бұл  функцияның 
жүзеге  асыруда  аралық  мидың  да  атқаратын  рөлі  маңызды.    Ал  сүтқоректі 
жануарлардың  шартты  рефлекторлық  қызметін  үлкен  ми  сыңарларының 
қабаттары атқарады.  

 
61 
 
Құралды  шартты  рефлекстері.  Кейбір  ғалымдар  жекелік  ассоциятвті 
оқыту  формасына,  шартты  рефлекстерді  біріктіреді,  ол  жануардың  бағытталған 
активті  әрекетіне  негізіделеді.  Оқиғалардың  реттілігі  осы  жағдайда  тек  сыртқы 
дабылдарына  ғана  емес,  сондай-  ақ  жануардың  өзінің  мінезіне  тәуелді.  Мысалы, 
егеуқұрық  процессте  бағытталған  –  зерттеулік  іздеуінде  мінез  –  құлығында, 
байқаусызда  аяғымен  педальға  басып  қояды,  соның  нәтижесінде  азық  алуымен 
марапатталады.  Осындай  қайталанудың  арқасында    тұрақты  байланыс 
қалыптасады:  педльға  басу  –  азық.  Кейін  тәжірбие  қоюшы  кезекті  «еркін» 
педальға  басу  алдында,  өзге  тітіркендіргішті  қосады.  Бірнеше  үйлесімнен  кейін, 
осы шынжырда байланыс орнатылады: дабыл – педальға басу – азық. Жануардың 
активті  байланысы  қоршаған  ортаға,  осы  шынжырға  орта  түйінді  қосуымен  
жануардың педальға басу немесе уақытында және сапалы тапсырманы орындауы 
мінез  –  құлықтың  актына  тәуелді,  бұл  азықтық  қолдауына  жету  формасы  болып 
табылады.  Сондай  –  ақ  ескеру  қажет,  классикалық  шартты  рефлекстерден 
айырмашылығы,  азықты  алуымен  қозғалыс  актінің  өздігінен  ешқандай 
генетикалық  байланысы  болмайды.  Бұл  байланыс  алдын  ала  жүргізілетін 
жаттығулар процессінде қалыптасады.    
 
 
Алғаш  рет  құрал  –сайманды  шартты  релекстері  Павлов  зертханаларында 
Ю.М.  Конор  және  Я.  Миллермен  зерделенді,  олар  алғашқы  «екінші  типтегі 
шартты  рефлекстер»  деп  ат  қойды.  Кейін  оны  құрал  –  сайманды  шартты 
рефлекстері  деп  атап  кетті,  оперантты  мінез  –  құлық.  Мәні  бойынша  бұл  оқыту 
түрі,  сынамалар  мен  қателердің  үйренуінен  айырмашылығы  жоқ.  Құрал  – 
сайманның  әрекеті  орындалуы  бойынша  ағзаның  қоршаған  ортасымен 
байланысының  өзгеруі,  кеңестіктегі  оның  тұрысының  өзгеруі  (локомоторлы 
әрекет) немесе ағзаның айналады заттарына әрекеті (еліктеушілік әрекет).   
 
Осындай  оқытудың  мінез  –  құлықтың  мысалы  ретінде,  жануарда 
бағыттаушылық  қабілеттерін  лабиринтте  қалыптастыруы.  Жануарды  қармақ 

 
62 
 
азығы бар,  лабиринтке орнатады. Бірнеше рет лабиринтті өтту арқасында, жануар 
қысқа  жолдармен  азыққа  жете  бастайды.  Қисық  оқыту  әдетте  қозғалыс 
жылдамдығында  немесе  жасалынған  қателіктердің  мөлшерінен  құралады. 
Лабиринтті  икемділігі  тез  арады  автоматизирленеді  және  таптаурынды  болады. 
Егер  егеуқұйрықты  лабиринтте  үйретпегенге  дейін  ұстаса,  ешқандай  қолдаусыз, 
онда  ол  тез  және  нақты  өзі  үйреніп  алатыны,  анықталған.  Лабиринтті  зерттеу 
кезінде  -  ақ  жануар  белгілі  бір  тәжірбиені  иеленеді  (перцептивті  латенті  оқыту), 
бұл қысқа жолдарды лабиринтте анықтау үшін қолданады деп саналады.   
Классикалық шартты рефлекстері. Айтып өткендей, ассоциативтік 
оқытудың түрінің сипаты кез – келген қабылдағыш индифферентті 
тітіркендіргіштің уақытымен үйлеседі – сыртқы немесе ішкі – тірі ағзаның 
әрекетімен. Осындай ассоциацияның биологиялық мағынасы – шартты рефлекстің 
– оның дабылында.  
 
 
 
 
 
 
Итке көп рет дауысты дабылды қайталану тәжірбиесін жүргізгеннен кейін 
итте сілекей бөлінуі байқалады. Бұл үйрету нәтижесінде жүргізіледі, осыны 
белгілеу маңызды. Үйрету табиғатта кеңінен тарған: жыртқыш құстар жие сәтті аң 
аулаған жеріне оралады, ал мысық ас бөлмесінде етті кесетін пышақты қайрап 
жатқанда, естіген кезінде жүгіреді.  
 
 
 
 
 
 
 
И.П. Павлов сілекей бөлінудің рефлектордың мысалы негізінде, шартты 
рефлекстерді оқытуын жетілдірді. Индифферентті тітіркендіргіштік шартсыз 
агентпен қосылып, сілекей бөлетін рефлексін тудырды. Осылай, шартты дабыл, 
тек уақыттың  жылжытуымен шартсыз – рефлекторлы реакциян орындады.
 
Осындай шартты рефлекстердің формалары классикалық атына ие. Осыған 
байланысты, шартты рефлекстері жануардың бастапқы қоршаған ортаға 
бағыттылығын басқа мінез – құлықтың актілерінен бұрын қамтамасыз етеді. 
Осының көмегімен жануар қоршаған ортаға бейімделеді.  
 

 
63 
 
 
Ми қыртысындағы тұйықталудың түрлері 
Ми қыртыстарының қалыпты жұмысы қоздыру мен тежеу үрдістерінің өзара 
әрекеттесуімен  сипатталады.  Қоздыру  шартты  рефлекстердің  туындауын  және 
өңделуін , ал тежеу – оны басуды туындатады. Тежеудің  негізгі  екі  түрі  болады: 
шартты және шартсыз. Шартты  рефлекстердің  шартсыз  тежелуі  алдын  ала 
өңделусіз және салыстырмалы түрде созылмай дамиды. Шартсыз тежелу екі түрлі 
болады: ішкі тежелу және шектен тыс тежелу.  Ішкі  тежелу  ми  қыртыстарында 
жаңа қоздыру ошағы пайда болғанда пайда болады. Оның пайда болуы ішкі және 
сыртқы  тітіркендіргіштердің  әсеріне  тәуелді.  Мысалға,  иттердің  jr  жүйесінде 
қоңырауға берік сілекей бөлу рефлексі пайда болған. Қоңырау шалып, сол уақытта 
есікті қатты қағатын болса, бұл кезде сілекей бөлінбейді. Қоңырауға деген шартты 
рефлекс  тежеледі.  Шартты  рефлекс  иттің  бір  жері  ауырғанда  және  қуық 
қалбыршағы  толып  кеткенде  де  пайда  болады.  Бұл  тежелу  түрін  ішкі  деп 
атауымыздың  себебі,  шартты  тітіркендіргіштердің  қабыршақты  ортылығы 
қоздырылған қабаттырының орталығымен тежеледі. Шектен 
тыс 
тежелу 
– 
шартсыз  тежелудің  басқа  түрі  –  тітіркендіргіштің  әсерінің  күшінің  арттыруынан 
және ұзақтығынан байқалады. Мысалы, қоңырауға шартты сілекей бөлу рефлексін 
өндіріп,кейін  қоңырау  дыбысын  күшейтсе,  сілекей  бөлінбейді.  Дәл  осындай 
жағдай, орташа дыбыстағы қоңырауды ұзартқанда да байқалады. Бұндай құбылыс 
жүйке  жасушаларының  жұмыс  жасауының  шекті  мөлшері  болатындығында. 
Тиісті  шектеуден  асқанда  жүйке  жасушаларындағы  қоздыру  үрдісі  тежелу 
үрдісіне алмасады.  
Шектен  тыс  тежелу  қорғаныштық  механизм  болып 
табылады.  Олар  қатты  немесе  ұзаққа  созылатын  қоздырушылардан  жүйке 
жасушаларының жұқаруын болдырмайды.Шартсыз, немесе туа біткен, тежелу тек 
қана  қабыршақта  емес,  сонымен  қоса  орталық  жүйке  жүйесінің  төменгі 
бөлімдеріне де тән. Шартты,немесе ішкі, тежелу – бұл тежелудің ерекше түрі.; ол 

 
64 
 
жүйке  жүйесінің  жасуша  қабыршақтарына  өзгеше  болып  келеді;  бұл  тежелу  тек 
үлкен ми сыңарларының қабаттарына тән.  
 
 
 
 
 
 
 
Шартты тежелу ақырындап дамиды және ұзақ уақытқа дейін сақталады. Ол 
негізінен 
шартты 
тітіркендіргіштің 
шартсыз 
тітіркендіргішке 
жүйелі 
байланыспаған  кезде  байқалады.  Байланысы  болмаған  тітіркендіргіштер 
қоздырушы  үрдістерін  тудырған  қабыршақ  жасушаларында  тежелу  үрдісін 
тудырады. Шартты тітіркендіргіштің орталығы басқадан емес, сол орталық ішінен 
дамиды, сондықтан да оны  ішкі тежелу деп атайды.   
 
 
 
 
Ішкі  тежелудің  шартты  тітіркендіргіш  пен  шартсыз  тітіркендіргіштің 
арасындағы  байланыстың  болмауына  қарамастан  төрт  түрін  ажыратады:  сөну, 
жетілу, шартты тежеуіш және кешігу. 
 
 
 
 
 
 
 
Сөну.Егер  шартты  тітіркендіргішті  аз  уақыт  аралықпен  шартсыз 
тітіркендіргішсіз  қайталап  отырса,  шартты  рефлекстің  мөлшері  азая  түседі  де, 
нәтижесінде  мүлдем  жоғалады.  Енді  шартты  рефлекстің  әсері  шартты  рефлекс 
орталығында бұрынғыдай қоздыру  үрдісін емес тежелуді тудырады.    
Егер 
толық  сөнгеннен  кейін  жүйелі  байланыспаған  тітіркендіргішті  қолдануда  үзіліс 
жасаса, тиісті тітіркендіргішке шартты рефлекс қайтадан пайда болады.  Шартты 
рефлекстің  қайта  құрылуы  ерекше  әсерсіз  өтеді  –  шартты  тітіркендіргішке 
шартсыз  тітіркендіргіштің  байланысы  қажет  етілмейді.  Әлбетте,  сөну  кезінде 
шартты рефлекс жоғалмайды, тек ішкі тежелуге байланысты шартты рефлекторлы 
байланыстардың уақытша өшуі болады.  Жетілу. Ішкі тежелудің басқа түрі болып 
табылады.  Егер  өз  табиғатына  жақын  шартты  тітіркендіргіштің  байланыспаған 
тітіркендіргішін қолданса, шартты тітіркендкргіш секілді ол соншалықты шартты 
рефлексті  шақыртады.  Бұл  жалпылама  құбылыс,  бірақ  тиісті  тітіркендіргішті 
байланыспаған  күйінде  бірнеше  рет  қолданса,  ол  қоздыруды  емес  тежелуді 
тудырады. Мысалы, иттерде шамның жануына сілекей бөлінудің шартты рефлексі 
өндірілген.    Кейін  жаңа  тітіркендіргішті  қолдану  басталады  –  шамның  жанып-

 
65 
 
сөнуі,  бірақ  азықпен  оны  қамтамасыз  етпейді.  Бірнеше  рет  қайталанған  соң 
шамның  жанып-сөнуі  сілекей  бөлінуді  тудырмайды.  Бұл  үрдіс  шартты  тежегіш 
тітіркендіргішке  айналады.  Осы  тітіркендіргіштің  әсерінен  ми  қыртыстарында 
тежелу үрдісі байқалады. Демек,  жетілу бір белгінің қайта байланыс орнатуынан 
және  басқасының  байланыспауынан  туындайды.  Өзінің  қасиеттері  бойынша 
тітіркендіргіштер қаншалықты жақын болса, жетілу соншалықты жұқарақ болады. 
И.П. Павловтың зертханасында иттердің минутына 100 метроном соққысынан 96-
сын ажырата алатындығы, бір – бірінен  У8-де ажыратылатын үндерді  жетілдіруді 
және т.б. жасай алатындығы дәлелденген. Ми қыртысындағы жетілуші тежелудің 
өңделуінің  арқасында  ағза  әр  түрлі  тітіркендіргіштерді  талдайды.  Осы  үрдістің 
нәтижесінде  нақты  өмір  сүру  жағдайларына  қарай  жануарлардың  тиісті  мінез  – 
құлығы  дамиды.  Тежелудің  бұл  түрі  үлкен  ми  сыңарларының  әрекеттерінің 
талдауының негізінде жатыр.  
 
 
 
 
 
 
 
Шартты  тежеуіш.Егер  оң  нәтижелі  шартты  рефлекс  пайда  болған 
тітіркендіргішке тағы бір агент қосып, ол комбинацияны байланыстырмаса, уақыт 
өте  әрекетсіз болып  қалады.  Мысалы, иттерде  айналғыш  затқа  (айналма)  сілекей 
бөлетін  шартты  рефлекс  қалыптасқан.  Айналғыш  затты  «до»  тонымен  бірге 
қалыптасады  және  де  бұл  комбинацияны  байланыстырмайды.  Ең  алғашында 
жануарларда  пайда  болған  берік  рефлекстің  арқасында  айналмалы  затқа  оң 
реакция  береді.    Кейін  ішкі  тежелу  дамиды,  жануарлар  оң  тітіркендіргіштермен 
байланыспаған  комбинацияларды  ажырата  бастайды.  Шартты  тежеуіш  өзінің 
пайда болу механизміне қарай  жетілуден еш айырмашылығы жоқ. Бұл жерде де 
кейде ұқсас, кейде өзгеше тітіркендіргіштердің талдауы жүреді.   
 
Шартты  тежеуіш  типіндегі  ішкі  тежелу,  қосымша  агент  және  оң  шартты 
тітіркендіргіш уақыт кеңістігінде бір – бірімен бірлесу кезінде ғана дамиды. Егер 
осы агенттің әсері оң шартты тітіркендіргіштің әсер етуінің басталуына 10 с бұрын 
тоқтатса, бұл жерде екінші дәрежедегі шартты рефлекс қалыптасады. 

 
66 
 
 
Кешігу.  Шартты  тітіркендіргіштің  әсер  етуінің  басы  мен  жәрдем  беру 
арасында  біраз  уақыт  (2-3  минут)  өтетін  болса,  онда  шартты  рефлекс  шартсыз 
жәрдемнің  жағдайына  қарай  ығысады.  Бұл  жерде  шартты  тітіркендіргіштің  әсер 
етунің  эффекті  екі  фазадан  тұрады:  бастапқы  -  әрекетсіз  және  екіншісі  -  әрекет 
етуші.    Шартты  тітіркендіргіштің  қабыршақ  орталығындағы  әрекетсіз  фазада 
кешігу деп аталатын  ішкі тежелу дамиды. Демек, егер қоңырауға сілекей бөлудің 
шартты  рефлексінің  пайда  болуы  кезінде  азықпен  қамтамасыз  ету  дыбыс 
естілгеннен  кейін  3  минуттан  соң  берілсе,  сілекей  бөліну  де  сондай  уақыт 
аралығынан кейін басталады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет