«Жануарлар патологиясы» пәні бойынша курстық ЖҰмыс тақырыбы: Сібір жарасы



бет2/6
Дата16.09.2022
өлшемі3,74 Mb.
#39306
1   2   3   4   5   6

КІРІСПЕ

Курстық жұмысымның негізгі мақсаты - сібір жарасы ауруы кезінде мал ағзасында туындайтын өзгерістерді анықтау.

Міндеті: Сібір жарасы ауруының індеттік ерекшеліктерін, дерттенуін, симптомдарын, балауын толықтай танып білу. Нақты әрі күмәнсіз диагноз қоя білу. Ұқсас аурулардан еш жаңылусыз ажырата білу.

Теориялық маңызы: Осы жұмыс барысында сібір ауруы кезіндегі байқалған симптомдармен анатомиялық өзгерістерді ғана қарастырып қоймай, теория негізінде жан-жақты меңгеріп, оқытылған пәнді қорытындылау.

Практикалық маңызы: Өлексені жарып сою хаттамасына сай толтыруды үйрен, курс барысында меңгерген теориялық білімді практикалық жұмыстармен ұштастырып қолдана білу.

Курстық жұмыс негізінен кіріспеден, 2 бөлімнен (жарып-сою хаттамасы, диагнездеу жағдайды талдау),қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімнің өзі аурудың жалпы көрінісін, этиологиясын, індеттік көрсеткіштерін, клиникалық және анатомиялық сипаттамасын қарастырады, жиагностикамен қорытындыланады.

Аурудың сипаттамасы мен мағынасы.

  • Сібір жарасы (anthrax, топалаң) – жіті өтетін, зооантропоздар қатарына жататын, септициямен, тері шелінің, ылғалды қабықтар астындағы өрменің және ішкі мүшелердің серозды-қанараласа қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. Сібір жарасына қой, ешкі, ірі қара мал, жылқы, енеке, бұғылар және түйе аса бейім келеді. Шошқа біршама төзімді.
  • Әр түліктің бұл ауруын әрқилы атаған: қой мен ешкінің топалаңы, жылқының жамандаты, сиырдың қарасан немесе қара талағы, түйенің ақ шелегі. Адамның бұл ауруын күйдіргі немесе текті жара деген.
  • Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Ертедегіараб дәрігерлері "парсы күйдіргісі", ал грек және рим ғалымдары "тектікүйдіргі" деп атаған. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптегенЕвропа және Азия еддерінде байқалып тұрды. Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде қызмет еткен дәрігерлер А.Эшке және Н.Ножевшиков 1758 адам мен малда осы дерттін ғылыми сипаттамасын беруіне байланысты болатын.Сібір жарасының қоздырушысын Германияда Поллендер 1849, Францияда Райне мен Давен 1850 өлген малдың қанынан тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет