«Жануарлар патологиясы» пәні бойынша курстық ЖҰмыс тақырыбы: Сібір жарасы


Клиникалық және анатомиялық сипаттама



бет4/6
Дата16.09.2022
өлшемі3,74 Mb.
#39306
1   2   3   4   5   6

Клиникалық және анатомиялық сипаттама

  • Аурудың өтуі ұзақтығы ауырған жануардың төзімділігі не уыттылығына, мөлшеріне, денеге енген болады. Әдетте жасырын кезеңінің ұзақтығы 1-3 күн.
  • Аурудың негізгі екі түрі бар: өлі тиген және күйдіргілі (карбунулездік). Күйдіргі ретінде байқалған дерт процесінің орын тебуіне байланысты топалаңның тері, ішек, өкпе, ангина түрлері болады. Мұндай жіктеу шартты түрде ауруды сипаттау үшін қолданылады.
  • Сібір жарасы әдетте аса жіті және жіті, сирегірек жітіден төмен өтеді. Созылмалы түрі шошқада кездеседі.
  • Аса жіті сібір жарасы негізінен қой мен ешкіде, сирегірек жылқы менсиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалық белгісібайқалып үлгірмей-ақ өліп кетеді. Мұндай жағдайда қой ентігіп, дрілдеп-қалшылдап кейде, орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішіндеөледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағып жатады.
  • Аурудың жіті өрбуі кезінде сиыр мен жылқыда дененің қызуы көтеріліп (41С дейін) тыныс алу мен тамырдың соғуы жиілеп, бұлшық еттері дірілдейді. Мал жемшөптен қалып, ірі қара күйіс қайыруын тоқтатып, сауын сиырлардың сүті қайтады .
  • Ауру жітіден төмен өрбігенде 6-8 кұнге дейін жоғарыдағы сипатталған белгілері баяулау өрбиді де, оқтын-оқтын байқалмай да кетіп, мал жазылып кеткендей әсер туғызады. Бірақ артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап, ақыры өліммен бітеді.

Аурудың үзікті түрі кезінде дененін ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте мал жазылып кетеді. Үзікті түрінде белгілі-бір мүшенің қабынуымен шектеледі, организмде сепсистік процестерге тән өзгерістер болмайды.

  • Аурудың үзікті түрі кезінде дененін ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте мал жазылып кетеді. Үзікті түрінде белгілі-бір мүшенің қабынуымен шектеледі, организмде сепсистік процестерге тән өзгерістер болмайды.
  • Сібір жарасының ішектегі түрі септицемиямен қабаттасып әсіресежылқыда, түйнеме болып, тышқаншық тиген әлпеттес, іш қату, қанды іш өтуге ұласады. Ірі қара малда аш ішектің ұзына баойына не ошақты сарысулы-қанараласа қабынуымен сипатталады. Ішектің кілегейлі қабығы ісіңкі және қара-қызыл түсті болады.
  • Өкпедегі түрі ауырған малдың қауырт өрбитін қанды пневмониясы мен жіті өтетін өкпе домбығуы ретінде байқалады.
  • Күйдіргі (карбункулездік ) топалаң серозды-қанараласқан дерматит ошақтарымен сипатталады. Әуелі тері телімі өте күшті қызарады да, одан ірі торшалармен, сұйықпен кеуленіп томпаяды да, көп ұзамай күлдіреуікке айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет