«Жануарлар патологиясы» пәні бойынша курстық ЖҰмыс тақырыбы: Сібір жарасы



бет5/6
Дата16.09.2022
өлшемі3,74 Mb.
#39306
1   2   3   4   5   6

Патолого-анатомиялық өзгерістер.

  • Сібір жарасынан өлген малдың өлексесі тез бүлінеді, әдетте иістеніп,сіресуі болмайды немесе әлсіз дәрежеде байқалады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық, кейде қан ағады. Әр жерінде, көбінесе, жағының астында, мойынының төменгі жағында, қолтығы мен шабында былқылдаған ісік болады. Қаны қара қошқыл түсті, ұйымайды. Сыпырылған терінің ішкі жағы қоңыр қызыл түсті. Шелдегі қан тамырлары білеуленіп, маңайы қанталап, әр жерінде жалқақ пайда болады.
  • Сірі қабықтардың көп жері қанталаған. Сөл түйіндері ұлғайып шүйгінденіп, қанталап тұрады. Көкірек және құрсақ қуыстарында қанды сарысу іркіледі. Барлық үлпершек ұлпалар толыққанды болады.
  • Лимфалық түйіндер серозды-қанараласа қабынып ұлғаяды, жұмсарады, күңгірт-қызыл тартады, қанталайды.
  • Көкбауыр шектен тыс ұлғайып, оның пульпасы жұмсарады, кесілген жерінен қарамай тәрізді мол қырынды алуға болады.
  • Жүрек ұйымаған қара қошкыл қанға толы, эндокард қанталаған, өкпелері домбығып, плевралары қанталаған. Бронхалар мен кеңірдектін іші қанды көбікке толған. Ал ішектін кілегейлі қабығы әдетте ісініп, қанталайды, аурудын ішектегі түрі кезінді-әр жерінде қанды жалқақ болады.
  • Өлекседе ауыз бен танаудан қанды көбік ағып жатады.

Сібір жарасы кезіндегі ірі қара малдың
лимфа түйіндерінің зақымдалуы
Ірі қара мал ішегінін кілегейлі қабығындағы геморрагиялық қабынуы
(Топалаңның ішектік түрі).
Шошқаның көк бауырындағы өзгерістер

Топалаңға диагноз қоярда міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық нышандар, өлексені көру нәтежиелері ескеріледі. Өлексенің тез бұзылуы, сіресуге ұшырамауы, табиғи тесіктерден қанды сора ағуы топалаңға күдік туғызады. Бірақта түпкілікті диагноз бактериологиялық зерттеулер бойынша қойылады.

  • Топалаңға диагноз қоярда міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық нышандар, өлексені көру нәтежиелері ескеріледі. Өлексенің тез бұзылуы, сіресуге ұшырамауы, табиғи тесіктерден қанды сора ағуы топалаңға күдік туғызады. Бірақта түпкілікті диагноз бактериологиялық зерттеулер бойынша қойылады.
  • Зертханаға бұзылмаған өлексенің құлақ қанынан даярланған қалың жағынды жіберіледі. Әуелі терінің тілінетін жері қарылады. Шыны болмаса борға, гипске, ағаш көміріне, шақпақ қантқа бірнеше қан тамызылады. Басқа мүмкіндік болмаса тексеруге кесіліп алынған құлақ жіберіледі. Басқа мүмкіндік болмаса тексеруге кесіліп алынған құлақ жіберіледі. Ол үшін жатқан өлексенің астыңғы құлағының түбін екі жерден байлап,арасынан тіледі. Тілінген жерді қарып, күйдіреді. Даярланған қан жағындысы немесе құлақ таза қағазбен немесе целофанмен оралады, байланады, банкіге немесе мықты жәшікке салынадыда лабораторияға жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет