«Жануарлар патологиясы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М138 «Ветеринария» шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Жануарлар патологиясы» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Бірінші бөлімінде ауру туралы сұрақтар, аурудың туындау себептері мен дамуы, организмнің реактивтілігі қарастырылған.
Екінші бөлімде малдың тірі кезінде байқалатын патологиялық өзгерістер қамтылған.
Үшінші бөлімде әртүрлі мүшелер мен организм жүйелеріндегі патофизиологиялық өзгерістер келтірілген.
Төртінші бөлімде өлген жануарлар организмінде байқалатын жалпы патологиялық өзгерістердің макроскопиялық және микроскопиялық құрылымы қарастырылған.
Бесінші бөлімде белгілі бір мүшелердің, жүйелердің құрылымдық және функциялық ерекшеліктері, туындаған патологиялық процестердің патоморфологиялық көрінісі қарастырылған.
Алтыншы – тоғызыншы бөлімдерінде әртүрлі инфекциялық және инвазиялық аурулардың морфогенезін, патоморфологиялық өзгерістердің макроскопиялық және гистологиялық тұрғыда диагностикасын қамтылған.
Оныншы және он бірінші бөлімінде жануарлардың жұқпалы емес аурулары барысында туындаған мүшелер мен ұлпалардағы құрылымдық және қызметінің өзгеруінің патоморфологиялық диагностикасы және жануарлар өлекселерін сойып зерттеу, құжаттау және диагностикалық зерттеуге қажетті материал алу техникасы қарастырылған.