5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны кестеде берілген.
Кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
5 сынып 1 1 1 1
6 сынып 1 1 2 1
7 сынып 2 1 2 1
8 сынып 1 1 2 1
9 сынып 2 1 2 1
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада №509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Дәріс №6
Мектеп информатика курсының мазмұны мен құрылымы.
Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша мектеп информатика курсының мазмұнын талдау.
Жалпы орта білім беру
Жалпы орта білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады.
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта келесі пәндер оқытылады: «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика». «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» (ЖМБ, ҚГБ) оқу пәндері Үлгілік оқу жоспарларының түріне байланысты білім беру ұйымдарында жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |