Интербелсенді әдістеме
- Интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы біржақты түсінігін (әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету», «білім беру» секілді жетістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған, бағдарламацентристік) екіжақты, диалогиялық түсінікке ауыстырады.
- Интербелсенді оқу таным процесін негізгі әрекетті студент (студентцентристік), өздігімен атқаратын «білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену», «тану», «оқу» сияқты жетістіктер қолданылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал».
Интербелсенді оқытудың қағидалары мен мақсаттары
Қағидалары
|
Мақсаттары
|
Орта
қалыптастыру
|
- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.
|
Бірлескен әрекеттер арқылы үйрету/үйрену
|
- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;
- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.
|
Өмірмен байланыстыру
|
- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.
|
Өзінділік пен дербестікке баулу
|
- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер шәкірт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі беруге асықпай, оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау)
- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, өзіндік түсінікке ұмтылу, дәлелдеме келтіру).
|
Интербелсенді оқудың негізгі қағидалары
- таным ортасын құрастыру;
- әрекет арқылы үйрену/үйрету;
- өзінділік пен дербестікті қалыптастыру;
- өмірмен байланыстыру.
Интербелсенді әдістеменің негізгі қағидасы:
- Интербелсенді әдістеме әрекет арқылы және әрекетпен үйретуге негізделеді: адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды есте сақтап, игереді.
- «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» (Конфуций).
Интербелсенді оқудың әдістері:
- Интербелсенді лекциялар мен семинарлар; Пікірталастар; Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); Кейс-стади; Тренингтер; Оқытудың компьютерлік технологиялары.
Интербелсенді әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер:
Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді:
- Ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Кең көлемді лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, Қайшыланған пікірталас, Аквариум, Эссе және басқалар.
Интербелсенді оқуда қолданылатын зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері - жобалау; аннотациялау және рецензиялау; ғылыми жұмыстарға пікір жазу; әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру; ғылыми пікірталас пен диспуттар ұйымдастыру; портфолио құрастыру; кейс-стади, мақала, реферат, сценарий жазу; идеялар аукционын өткізу; презентациялау; өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру; сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар, жоспарлар, бағдарламалар әзірлеу; тәжірибелер жасап, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |