Жаратылыстану факультеті


Қанның физиологиясы мен жас ерекшеліктері. Қан айналу жүйесі



бет26/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Қанның физиологиясы мен жас ерекшеліктері. Қан айналу жүйесі
1.Қан айналу жүйесінің маңызы. Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы.
2. Үлкен және кіші қан айналыс жолдары. Тамырлардағы қанның қысымы, оның жас ерекшелігі.
3.Лимфа жүйесінің маңызы, қызметі және құрамы.
Қан айналу жүйесінің маңызы. Қан айналу жүйесі тоқталмай, үнемі жүріп жататын зат алмасуын қамтамасыз етеді. Оның бұл қызметі қан тамырларында қанның
қозғалып, барлық ірілі-ұсақты тамырларға заттарды тасуы арқылы іске асады. Яғни қан айналысы тасымалдау қызметін атқарады. Ол: а) ас қорыту мүшелерінде қорытудан
пайда болған қоректік заттарды күллі ұлпаларға, клеткаларға тасиды; ә) зат алмасуынан пайда болған пайдалы заттарды клеткаларға, ал қажетсіз заттарды зәр шығару
мүшелеріне тасиды; б) заттардың тотығуына қажетті оттегіні өкпеден клеткаларға тасиды және клеткадағы пайда болған көмірқышқыл газын өкпеге алып келеді де, оны сыртқа
шығарады; в) химиялық белсенді заттар - гормондарды, ферменттерді, қорғау қызметін атқаратын антиденелерді - тасымалдайды; г) мүшелерді біркелкі температурада сақтауға
қажетті жылуды тасиды және дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады; ғ) клеткалар мен ұлпалардың қызмет етуіне қажетті тұрақты жағдайларды сақтауға
қатысады және оларды қоректендіреді.
Адам организміндегі қанның айналуы тұйық түтіктің, қан тамырларының бойымен қозғалып, қанды жүрекке және күллі мүшелерге тасиды.
Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы. Жүрек - қан айналу жүйесіндегі негізгі бөлім. Ол тоқтаусыз қызмет етіп, қан тамырларында қанның қозғалысын қамтамасыз етеді. Бір тәуліктің ішінде жүрек 5-6 мың литр қанды айдайды. Қанның тамырларда қозғалуына түрткі болатын энергия жүректің бұлшық еттерінің қызметіне байланысты өндіріледі. Бұл 200 кг жүкті 100 м биіктікке көтергенмен бірдей. Ал дене еңбегі бұл жұмысты 2 есе күшейтеді деуге болады. Айталық, 1 сағаттай ауыр жұмыс кезінде жүректен өтетін қанның мөлшері 2000-2500 л. Мұндай жұмыс жүректі қанмен күшті қамтамасыз етуді тілейді. Адамның жүрегінің салмағы 250-360 г, яғни дене салмағының 1/200 бөлігіне тең, бірақ ол қан айналымындағы бүкіл қанның 1/10 бөлігін пайдаланады. Жүректі қанмен қамтамасыз ететін қан тамырлары жеке жүрек-қан тамырлар жүйесін құрады.
Сәби өмірге келгеннен кейін, оның жүрегі өседі және пішіні қалыптасады.
Адамның жүрегі бұлшық еттен тұратын конус пішінді қуыс мүше (1, 2-суреттер). Ол салмағына, жынысына қарай бөлектенеді: ерлердің жүрегі (300 г) әйел жүрегінен
(220 г) салмақтырақ. Жалпы ұзындығы - 12-14 см, ең жалпақ жері - 10-11 см. Жүрек оң және сол жақ бөлімдерден тұрады. Олардың әркайсысында екі-екіден қуыстары бар: жүрекше және қарынша деп аталатын қуыстар. Жүректің оң жақ бөлігін сол жақ бөлігінен қалың ерекше құрылымды жүрек еттері бөліп тұрады. Қарынша мен жүрекшенің
арасында сол жағында қос жаппалы және оң жағында үш жаппалы какпақшалары (клапандары) болады. Сол жақ жүрекшеден денедегі ең үлкен қолқа тамыры, ал сол жақ
жүрекшеден өкпе артериясы басталады. Жүрекшелер мен қолқа және өкпе артерияларының арасында жарты ай іспетті қақпақшалары (клапандары) бар. Жүрек қуыстарының қақпақшалары қанды тек бір бағытта ғана өткізеді: жүрекшеден қарынша қуысына, одан артерия қан тамырларына қарай
(2-сурет).

1-сурет. Жүрек қуыстары:
1. Денесі шынықпаған адамның жүрегі, 2. Денесі шыныққан адамның жүрегі.


Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы - эпикард (грек. эпи - үстіңгі + кардиа - жүрек), ортаңғы миокард (грек. миос - бұлшық ет + кардиа) және ішкі - эндокард (грек. эндон - ішкі + кардиа). Жүректің еті - миокард - ерекше құрылымды көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұрады. Оның қалыңдығы жүректің әр жерінде әртүрлі. Ең жұқа жері жүрекшенің қабырғасында 2-3 мм, ал ең қалың жері - сол жақ қарыншаның қабырғасының қалындығы бұдан 3-4 есе артық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет