Жаратылыстану факультеті


-сурет. Тыныс алу жүйесінің құрылысы



бет32/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
1-сурет. Тыныс алу жүйесінің құрылысы.
1 - ауыз қуысы, 2 - жұтқыншақтың тыныс алуға қатысатын жағы, 3 - жұмсақ таңдай, 4 - тіл, 5 - жұтқыншақ, 6 - қызыл тіл (бөбешік), 7 - жұтқыншақтың көмей бөлігі, 8 - көмей, 9 - өңеш, 10 - кеңірдек, 11 - өкпенің жоғарғы жағы, 12 - сол жақ өкпе, 13 - сол жақ бронх, 14 және 15 - альвеолалар, 16 - оң жақ бронх, 17- оң жақ өкпе, 18 - тіласты сүйегі,19 - төменгі жақ сүйегі, 20 - ерін, 21 - ауыз қуысы, 22 - қатты таңдай, 23 - мұрын қуысы.

Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минутттық мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде - 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3.
Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде - 25 см3, 1 жаста - 80 см3-ге дейін артады, 2 жаста - 140 см3, ересек адамда - 400 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде - 53 см3,1 жаста - 210 см3, 13 жаста - 707 см3, 20-25 жаста - 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде - 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада - 1,617 см3, ал ересек адамда -
67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,108 тең болатынын есептеп шығарған.
Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде - 6 м2, ересек адамда - 50 м2, яғни 8 есе артық.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4 см, 10 жаста - 7 см, ересек адамда - 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар
дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ерссек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем
алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан
кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады.
Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет