Жаратылыстану факультеті


Мектептің ғимараты мен оқу бөлмелеріне, ауа ортасына, жарықтандырылуына және құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар



бет40/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Мектептің ғимараты мен оқу бөлмелеріне, ауа ортасына, жарықтандырылуына және құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар.
1. Мектеп пен балалар мекемелерінің жиһазы мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар.
2. Компьютерлік сыныптарда жұмыс жасауға қойылатын гигиеналық талаптар.
Психогендік әсерлерге сөз, ұжымдық қарым-қатынас тәрізді адам қоғамындағы түрлі әлеуметтік жағдайлар жатады. Олар адамға жағымды не жағымсыз көңіл-күй тудырып, организмін өзгерістерге ұшыратуы мүмкін.
Әлеуметтік әсерлер - еңбек, үй тұрмысы және саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайлар. Бұлар физикалық, химиялық, биологиялық және психогендік әсерлермен байланыса отырып, олардың адам организміне әсерін күшейтеді. Ғылыми зерттеулер арқылы кейбір аурулардың халыққа көп тарауы қоғамдық әсердің ықпалынан екені танылып отыр. Мысалы, құрт ауруының, нервтік психикалық аурулардың ауқатты адамдарға қарағанда жағдайы төмен кісілердің арасында көп кездесетіні мәлім. Дегенмен организмге тек сыртқы орта ғана әсер етіп қоймайды, адамның өзіне де байланысты. Денсаулықты сақтау, оны күшейту және үй тұрмысын, тамақтану, еңбек жағдайларын жақсарту үшін адам өзіне пайдалы жағымды өзгерістерді тудырады. Басқа организмдерге қарағанда адам саналы түрде физиологиялық, әлеуметтік қажеттерді өзгерту арқылы сыртқы ортаның өзгерістеріне белсенді бейімделеді.
Мектеп гигиенасы. Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Мектептің орналасқан жері окитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға дейін бодады.
Мектеп кешенінің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, мектепке арналған жерді босату мерзімі шешіледі.
Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1 км, ауылда 3 км-ден аспауы керек. Ауылдық жерде балалар алыс тұратын жағдайда әкімшілік орындары оқушыларды таситын көлікпен қамтамасыз етеді.
Мектеп территориясы тұрғын үйлерден, балалардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал казған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады.
Мектеп ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 м қашықта салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалады.
Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және шаруашылық зоналары.
Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) мектеп кешенінің көше жағында орналасады. Ол мектепті транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды, сондыктан түрлі ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Мектеп терезелері мен бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, сынып бөлмелерінің жарығын азайтады.
Демалыс аймағы (0,2-0,3 га) мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз балалардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында балалардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек.
Оқу-тәжірибе аймағында (0,2-0,4 га) метеорология саймандары, биология, география пәндеріне қажетті тәжірибе алаңдары орналасады. Оқу-тәжірибе аймағы мектеп ауласының шетінде немесе мектеп кешенесінің қабырғасына жақын жерде орналасады. Бұл жерде ауа райын анықтауға қажетті аспаптар, яғни желдің бағытын анықтайтын флюгер, ылғалдылық, пен ауа температурасын өлшейтін аспаптар болады, кейбір мектептерде география пәніне қажетті шұңқырлар, ботаника пәнінің тәжірибе алаңы, кейбір мектептерде (көбінесе ауылды жерде) көжектер өсіретін бұрыш т.б. орналасады.
Спорт аймағы (0,1-1,07 га) мұнда дене шынықтыру пәніне және спорт ойындарына қажетті алаңдар орналасады. Оның жері мектеп кешенінің терезесінен ең кем дегенде 10 м қашықта болу керек. Көпшілік мектептерде спорт аймағына 5800-7900 м2, тек кейбір мектептерде ғана 4900-10700 м2 жер бөлінеді, яғни мұның да жері оқушылардың санына лайық беріледі. Барлық мектептердің жеңіл атлетика (4900 м2) жене гимнастика (600 м2), баскетбол мен волейбол (480 м2) алаңдары, ал ірі мектептерде (1176-1960 орындық) футбол немесе баска спорт ойындарына арналған үлкен алаң (2960 м2) болады. Көпшілік ауыл мектептерінде үлкен спорт аландары (волейбол, баскетбол, футбол) ауыл шетінде жеке орналасады. Бұл алаңдардың тегіс, шөптесін жерде, шаны аз жерде орналасып, транспорт жолдарынан алыс, ауылшарушылық құрылыстарынан, мал қоралардан аулақ болғаны дұрыс. Спорт алаңдарын тастардан, ағаш бұтақтарынан, шыны сынықтарынан тазартып, балалардың денесіне зиян келтірмеу жағына көңіл болу керек.
Шаруашылық аймағы (500 м2) мектеп ауласының алыс түкпірінде балалардың жүретін жолынан, демалыс орындарынан қашық орналасады. Бұл аймақтың жері мектептің басқа аулаларынан аласа бұтақты өсімдіктермен қоршалады. Оған келетін жеке транспорт жолы болуы тиіс. Мұнда түрлі қоймалар, мектеп гаражы, қосымша дәретхана, сыпырынды жәшіктері, өрт қауіпсіздік жабдықтарының бұрышы т.б. шаруаға қажетгі құрылыстар болады. Мұндағы дәретхана мен сыпырынды жәшіктері мектеп кешенесінен кемінде 25 м қашық орналасады. Олардың маңайы егілген ағаштармен немесе шағын қоршаумен бөлінеді. Дәретхана мен сыпырынды жәшігі тұрған жерге келетін тазалық транспортының қатынасуына қажетті жеке жолы болуы керек. Шаруашылық аймағының таза, ұқыпты ұсталуына шарушылық меңгерушісі мен мектеп директоры жауапты. Мектептің медицина қызметкерлері оның тазалығын мезгіл-мезгіл тексеріп, бақылап отырады, себебі дәретханалар, сыпырынды жәшіктері, транспорт жолдары түрлі инфекцияны оқушыларға жұқтыруға себеп болуы мүмкін.
Мектеп ғимаратын салғанда оның оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады. Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша бөлмелер деп екі топқа бөледі. Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия пәндерінің лабораториялары жатады. Қосымша бөлмелерге әкімшілік және балалардың денсаулығын сақтауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем көрсету бөлмесі, методикалық бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындары т.б. жатады. Олардың ішінде, әсіресе сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің гигиеналық талапқа сай келуіне көбірек көңіл бөледі.
Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабыллау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады. Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата-ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және үлгерімі нашарлайды.
Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрғаннан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10-15 минут уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан соң оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1,5-2 сағат дем алады, ал 1-2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алған жөн.
Оқушының киіну гигиенасы. Киім денені сыртқы ортаның түрлі механикалық, химиялық жағымсыз әсерлерінен сақтайды. Сондықтан баланың денсаулығын қамтамасыз етіп, оның еңбек өнімін арттыруда киімнің маңызы зор. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда киім адамды сыртқы әсерлерден корғап, денеге кажетті жағымды жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, жеңіл, еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек. Сондықтан киімнің физикалық және химиялық қасиеттерін білудің (жылу сактау, ауа мен ылғалды өткізу, суды сіңіру, т.б.) маңызы ерекше. Киімнің эстетикалық мағынасы да көрнекті орын алады.
Киімнің физикалық және химиялық қасиеттері киім тігілген маталардың қасиеттеріне байланысты және қабаттап киген киімнің санына байланысты. Киім тігілетін маталардың жылу мен ауаны өткізгіш, ылғал сіңіру мен өткізу серпімділік қасиеттері маңызды.
Матаның жылу өткізгіш қасиеті оның негізі мен түктеріне байланысты болады, Қалың, жұмсақ түкті маталар жылуды жақсы сақтайды, себебі түктердің арасында ауа жиналып, жылуды сыртқа шығармайды. Мысалы, жүн, фланель маталардың жылу сақтау қабілеті 92 %, сукно 89 %, жүн көрпеде 88 %-ға тең. Әсіресе жүнді терінің жылу сақтау қабілеті өте жоғары болады. Тығыз жұқа маталардың бұл қабілеті төмен болады. Мысалы, мақта-матадан жасалған киімдердің жылу сақтау қабілеті 37-44%. Жасанды (синтетикалық) маталардың кейбірі (капрон, нейлон т.б.) жылуды мүлде өткізбейді және сақтай да алмайды, ал кейбірі жақсы өткізеді (лавсан, нитрон, полининил хлорлы жіптен тоқылған маталар). Aya райы өте салқын болғанда киімді қабаттап киген тиімді болады, себебі киім қабаттарының арасындағы ауа жылуды сыртқа шығармай, оны сақтауға көмектеседі.
Маталардың ауа өткізгіш қасиеті киім ішіндегі қажетті ауа қозғалысы мен ауа алмасуын қамтамасыз етеді, яғни киім ішіндегі денеге жақын орналасқан ауаны желдету үшін қажет. Aya желдетуі жеткіліксіз болғанда баланың еңбек қабілеті төмендеп, көңіл-күйі нашарлайды. Aya өткізгіштік қасиет бос тоқылған тақыр маталарда жоғары болады, ал капрон, нейлон, жасанды жібектер ауа өткізбейді не нашар өткізеді. Жауында киюге арналған киімдер тігетін арнайы маталар мүлде ауа өткізбейді, сондықтан ондай киімдерді суық желден, жауын-шашыннан қорғану үшін ғана киюге болады.
Киімнің қажетті мөлшерде ылғал сіңіргіш қасиеті денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Ылғал сіңіргіш қасиет деп маталардың ауадағы судың буын немесе денеден шыққан терді сіңіру қабілетін айтады. Бұл қасиет арқылы киім ішіндегі жылу дұрыс алмасады. Жүн, трикотаж (тоқыма), жібектен тоқылған маталардың ылғал сіңіргіш қасиеті жоғары, ал жасанды жібекте өте нашар болады.
Эстетикалық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда киімнің серпімділік (қалпын сақтау) қасиетінің де маңызы бар. Бұл қасиет жүн, мақта маталарда талапқа сай, ал жасанды жібектердің кейбіреуінде нашар болады.
Киімге деген гигиеналық талаптар оның түрін, пайдалану жағдайларын, ауа райын, қызмет бабын ескереді. Жалпы алғанда, барлық киімнің түрлерін 4 топқа бөледі: сыртқы ауыр киім және жылы бас киім, сыртқы жеңіл киім, іш киім, аяқ киім.
Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кірден сақтайды. Оның пішіні, мөлшері аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Тар аяқ киім табанның қан тамырларының қызметін нашарлатып қана қоймай, онда көптеген анатомиялық кемшіліктерді тудырады. Мысалы, саусақтардың қисық өсіп, жалпақ табанның пайда болуы, терінің жарақаттануы т.с.с. Tap аяқ киімнің қан тамырларының қызметін нашарлатуына байланысты аяқтың тершең болуы, тез тоңазуы іспетті функциялық өзгерістер де пайда болады. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда аяқ киім жеңіл, ықшам болып, ауаны жақсы өткізіп, аяқты дұрыс желдетуге және қажетті жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Аяқ киімнің, әсіресе жылуды сақтау және су өткізбеу қасиеттері ауа райына сай болғаны жөн. Ондай аяқ киім жақсы өңделген елтіріден тігіледі. Күн салқын кезде аяқ киімнің ішінен жылуды жақсы сақтайтын, айталық киізден ұлтарақ салып, жүннен тоқылған жылы шұлық киеді. Мұндай өте жылы аяқ киімді үйде киюге болмайды. Қысқы аяқ киімнің мөлшері 1-1,5 размер үлкен болып, ал жазғы аяқ киім жеңіл, аяққа сай болу керек.
Оқушыларға аяқ киімді еңбегіне, жүріс-тұрысына сай алған жөн. Дене шынықтыру сабақтарына, спорт ойындарына арнайы спорт аяқ киімдерін кисе, ал ұзақ жол жүргеңде жеңіл, ықшам, табаны қалың, аяқты қажамайтын аяқ киімдер қажет. Ұзақ жолға, саяхатқа жаңа аяқ киіммен шығуға болмайды.
Оқушылардың аяқ киімінің өкшесі 1,5-2 см болады. Мектеп жасындағы балаларға, әсіресе қыздарға биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды. Биік өкшелі аяқ киімде дененің салмағы аяқтың ұшына, саусақтарға түседі және бел омыртқа мен сегізкөз және жамбас сүйектері дұрыс өспейді. Жоғарғы сынып оқушыларына біркиер аяқ киімнің өкшесі 4-6 см болуына рұқсат етуге болады, бірақ оның өзін күнде және ұзақ киюге болмайды.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай оқушылардың бірнеше түрлі аяқ киімдері болу керек. Олар ауа райының ыңғайына байланысты ауыстырылады. Күні бойы бір түрлі аяқ киіммен жүруге де болмайды. Үйге келгенде сыртқы ауыр киімдерді шешіп, жеңіл үй киімдеріне ауыстыру керек. Үйде киетін аяқ киім өкшесіз немесе өкшесі 1 см, табаны жұмсақ, сәл үлкендеу болғаны гигиеналық талапқа сай болады.
Лекция №14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет