Килограмм – килограмның халықаралық прототипі массасымен анықталатын масса бірлігі. Осы прототив әлі қолданыла ма? 20019 жылда енгізілген өзгеріс туралы ізденіңіздер.
Секунд – дегеніміз эфермид уақыттың 1900 жылғы 0 январь күнгі 12 сағаттан басталатын тропиктік жылдың 1/31556925,9547 үлес.
Ампер – вакуумдағы ара қашықтығы 1 метрге тең шексіз ұзын, мейілінше жіңішке параллель екі өткізгішпен ток жүргенде, сол өткізгіштер арасында Халықаралық жүйе күш бірлігінің 2* үлесіне тең күш туғызатын өзгермейтін ток күші.
Кельвин градусы – судың үштік нүктесінің температурасы үшін 273,16 K (дәл) мәні тағайындалған термодинамикалық температура шкаласы бойынша өлшенетін температураның өлшеу бірлігі.
Шам – температурасы платинаның қатаю температурасындай (1773 ) абсолют қара дененің 1 бетіне келетін 60 шамға тең жарық күшінің бірлігі
Радиан – шеңбердің радиус ұзындығына тің доғаны қиып тұрған дөңгелектің екі радиусы аралығындағы бұрыш.
Стерадиан – төбесі сфера центірінде болып, оның бетінен сфера радиусының квадратына тең аудан қиятын денелік бұрыш.
Бақылау сұрақтары:
1.Физикалық шама деген не?
2.Дененің қасиетіне және күйін сипаттайтын шамаларға қандай физикалық шамалар жатады?
3.Уақытөтуіне қарай құбылыстар мен процестерді сипаттайтын шамаларға қандай физикалық шамалар жатады?
4.Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
5. Өлшемдік (размерность) дегенді қалай түсінесіздер?
6. Негізгі және туынды бірліктер деп қандай бірліктері айтамыз, мысалдар келтіру керек?
7.Халықаралық бірліктер жүйесі «SI» (Systema International)қашан құрылды және оны ұсынған қандай ғалым еді?
№1. БАӨЖ.
1.Ғаламтор желісі арқылы әлемдегі метрологиялық музейлерге виртуаль саяхат жасау (ссылкаларын көрсете отырып, жоспарын жасау).
2.Килограмның халықаралық прототипінің 20019 жылда енгізілген өзгеріс туралы ізденіс жұмыстарын жасау.
№1. БАӨЖ.
1.Өлшеу, өлшеу тарихы, байырғы өлшем бірлікерге қатысты қысқаша бейнеролик жасау (мысалы, ұзындық өлшемдерінің, қарыс, елі, шынтақ, сүйем, тұтам т.с.с. шамамен қандай ұзындыққа сәйкес келетіні туралы).
№1.Пратикалық сабақ. Физикалық өлшемдердің шығу тарихы. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшем бірліктер жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |