Жаратылыстану институты



бет17/39
Дата26.12.2023
өлшемі12,4 Mb.
#143420
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
fiz kuraldar umkd f-22-1у 3

Тікелей бағалау әдісі. Бұл әдіс өте кең тараған және қарапайым. Осы әдіске мысал ретінде әдеттегі сызғышпен ұзындықты өлшеу, қарапайым манометрдің көмегімен газдың қысымын өлшеу, электр тізбегінің кернеуін волътметрдің көмегімен өлшеу, т.б. алуға болады.
Бұл әдістің артықшылығы өлшеу тікелей жүргізіліп, нәтиже сол сәтте-ақ алынады. Көптеген жағдайларда өлшеу уақыты мен өлшеу нәтижесін прибор шкаласынан алу уақытының аралығы өте аз болады. Приборға қарап отырып өлшенетін шаманың өзгеруін бақылай аламыз және қажет жағдайда керекті сақтандырғыштар мен реттегіштерді қосуға мүмкіндік бар. Мысалы, біз пештің температурасын бақылай отырып, оны қажетті температураға қоюға болады. Бұл жұмыс істеп тұрған механизмдерден алыстап кеткен жағдайда өлшеніп отырған шаманың өзгерісін бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен тікелей бақылау әдісі приборды реттегіш механизмді жалғауға мүмкіндік берді. Бұл автоматтандырудың бір түрі болып табылады. Тікелей кемшілігі де бар. Жоғарыда айтылып өткендей, өлшеген сәттен прибордың көрсетуінің кешігуімен қоса өлшеудің бұл әдісінде дәлдік аз болады. Өте жоғары дәлдікті талап ететін өлшеулер кезінде басқаша өлшеу әдістерін іздестіруге тура келеді. Тікелей бағалау әдісінің дәлдігінің аз болу себебі неде? Осы әдістегі приборларды біз екі дәлдік баспалдағынан өткіземіз: Өлшеу приборларын жасау кезінде приборды дәлдігі бір сатыға жоғары болатын өлшемдермен сәйкестеп градуирлейді. Градуирлеу процесі кезінде қателіктер кетуі мүмкін, бұл прибордың дәлдігін төмендетеді. Стрелкасы бар прибордың көмегімен тікелей бақылау әдісін қолданып өлшеу кезінде көбіне параллакс қателігі кетеді. Осы қателікті болдырмау үшін көптеген тәсілдер қолданылады. Приборлардың көпшілігінде стрелка мен шкаланың аралығы 1-2мм болады. Прибордың көрсетуін дұрыс жазып алу үшін стрелканың үстінен тік перпендикуляр бағытта қарау керек. Кейбір стрелкалы приборларда параллакс қателігі болмас үшін айна орнатылады.
Нөлдік әдіс. Нөлдік әдіс өлшенетін шаманы белгілі шаманың әсерімен теңестіруге негізделген. Нөлдік әдісте белгілі және белгісіз екі шаманың арасындағы тепе-теңдікті көрсететін құрылғы немесе прибордың орны ерекше.
Нөлдік әдіспен өлшеудің мысалы ретінде гирлердің көмегімен дененің массасын өлшеуді алуға болады. Таразының табағында ешқандай жүк жоқ кездегі стрелканың көрсетуінің бастапқы қалпын белгілеп алады. Осы қалып нөлдік қалып деп аталады. Бір табақшаға салмағы өлшенетін затты салып, таразының стрелкасы қайтадан нөлге келгенше екінші табақшаға гирлер саламыз. Көрсеткішті қайтадан нөлдік қалыпқа әкелу әдіске нөлдік деген ат беруге себеп болған.
Нөлдік әдіспен өлшегенде теориялық тұрғыдан өлшеу дәлдігін шексіз жоғарылатуға болады. Нөлдік әдісте өлшеу дәлдігі екі элементке: өлшемнің белгілі дәлдігіне, және нөлдік немесе тепе-теңдікті көрсеткіштің сезімталдығына байланысты. Өлшемдердің белгілі дәлдігін ескере отырып, әдістің дәлдігін де жоғарылатуға болады.
Кез-келген әдіс сияқты нөлдік әдістің де қателігі болады. Осы қателікті болдырмау үшін әр түрлі тәсілдер қолданады. Соның бірі ауыстыру әдісі. Бұл әдістің мәні келесіде: ең алдымен өлшенетін шама өлшеммен емес, сандық мәні белгісіз шамамен теңестіріледі. Содан соң осы белгісіз шаманы өзгертпестен (өте маңызды шарт) өлшем шамасымен алмастырады және қайтадан тепе-теңдікке келтіреді. Мысалы, таразымен дененің массасын өлшегенде жүк пен гирлерді салып, көрсеткішін нөлдік қалыпқа келтірген кезде таразының иығының иіндерінің бірдей болмауы мүмкіндігін ескермейміз, олар тіпті жүктердің әсерінен бірдей болмауы да мүмкін. Бір табағына өлшенетін жүкті, ал екінші табағына тепе-теңдік жағдайға келгенше ағаш қиқымын себеміз. Өлшенетін жүкті алып тастап, осы табақшаға гирлерді сала отырып тепе-теңдікті аламыз. Енді гирлдің массасы өлшенетін шаманың массасына дәлірек жақындайды. Ауыстыру әдісі тек таразымен өлшеуде ғана қолданылмайды. Бұл әдісті электрлік, жарық құбылыстарын зерттеуде т.б. қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет