Алмастыру әдісі — өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын белгілі шамасымен алмастыру арқылы өлшеммен салыстыру әдісі. Мысалы; бұйымның мөлшерін рычагтымикрометрмен өлшеу немесе электрлік шамаларды айнымалы ток көпірлері көмегімен өлшеу.
Мысал. Серіппелі таразыда өлшеу. Өлшеу екі іс-өрекетпен жасалады. Алдымен таразыға өлшенетін массаны салады және таразы көрсеткішінің жағдайын белгілейді. Сонан соң тх массасы то кір массасымен алмастырылады. Мұнда таразының
көрсеткіші алғашқы жағдайдағы орынға келуі керек. Сонымен қатар mx = m0 (23, в-сурет).
Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама арасындағы айырма шкала белгілерінің немесе периодты белгілердің сәйкес келуін пайдалану арқылы өлшейді.
Мысал. Стробоскоп көмегімен валдың айналым санын өлшеу – вал периодты түрде жарық көзімен жарықтандырылады, ал жарық көзінің жиілігі валда жасалған ен баңылаушыға қозғалмайтындай болып көрінетіндей етіп орнатылады. Шкалалардың негізгі және нониусты белгілерінің сәйкес келуін пайдаланатын сәйкес келу әдісі сызықты мөлшерлерді өлшеу үшін қолданылатын штапгенприборларда жүзеге асырылады.
Практикалық сабақ №3.Ұзындықты өлшеу Қажетті құрал-жабдықтар: сызғыш, метрлік өлшеуіш лента, микрометр, штангенциркуль
№1.Тапсырма. Штангениркулдің көмегімен іші қуыс сақина тәріздес дененің ішкі және сыртқы диаметрлерін өлшеу. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау.
№2.Тапсырма. Микрометрмен қаламның, кішене шардың диаметрін, дәптердің қалыңдығын өлшеу. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау.
№3.Тапсырма. Сызғыштың көмегімен дәптердің не кітаптың ұзындықтарын өлшеу. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау.
№4.Тапсырма.Жоғарыдағы тапсырмаладың өлшеу дәлдігін бағалау арқылы өлшеу әдсінің қателігінің болу себептерін анықтау.
Теориялық мәліметтер: Ұзындықты өте дәл өлшеу болғанда қажет болған жағдайда нониусты штангенциркуль мен микрометрмен өлшеу жүргізеді.