17.2.Нөлдік әдіс
17.3.Дифференциалдық әдіс
Алда атап өткендей өлшеу дегеніміз өлшенетін шаманы өлшем бірлігімен салыстыру процесі. Мұндай эксперимент (немесе өлшеу) тәсілдері өте көп. Оның біреуін таңдаудың өзі бірқатар шарттарға байланысты болады. Мысалы,өлшенетін шаманың табиғатына, өлшеуді жүргізуге қажетті дәлдікке, өлшеу жүргізілетін жағдайға, нәтижені алуға қажетті уақытқа, өлшеу үшін қолданылатын приборларға, т.б. Дегенмен сан түрлі өлшеу тәсілдерін ұқсастықтары жағынан топтарға бөліп, өлшеудің жалпы әдістері деп атауға болады.
Тікелей бағалау әдісі. Бұл әдіс өте кең тараған және қарапайым. Осы әдіске мысал ретінде әдеттегі сызғышпен ұзындықты өлшеу, қарапайым манометрдің көмегімен газдың қысымын өлшеу, электр тізбегінің кернеуін волътметрдің көмегімен өлшеу, т.б. алуға болады.
Бұл әдістің артықшылығы өлшеу тікелей жүргізіліп, нәтиже сол сәтте-ақ алынады. Көптеген жағдайларда өлшеу уақыты мен өлшеу нәтижесін прибор шкаласынан алу уақытының аралығы өте аз болады. Приборға қарап отырып өлшенетін шаманың өзгеруін бақылай аламыз және қажет жағдайда керекті сақтандырғыштар мен реттегіштерді қосуға мүмкіндік бар. Мысалы, біз пештің температурасын бақылай отырып, оны қажетті температураға қоюға болады. Бұл жұмыс істеп тұрған механизмдерден алыстап кеткен жағдайда өлшеніп отырған шаманың өзгерісін бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен тікелей бақылау әдісі приборды реттегіш механизмді жалғауға мүмкіндік берді. Бұл автоматтандырудың бір түрі болып табылады. Тікелей кемшілігі де бар. Жоғарыда айтылып өткендей, өлшеген сәттен прибордың көрсетуінің кешігуімен қоса өлшеудің бұл әдісінде дәлдік аз болады. Өте жоғары дәлдікті талап ететін өлшеулер кезінде басқаша өлшеу әдістерін іздестіруге тура келеді. Тікелей бағалау әдісінің дәлдігінің аз болу себебі неде? Осы әдістегі приборларды біз екі дәлдік баспалдағынан өтеміз: Өлшеу приборларын жасау кезінде приборды дәлдігі бір сатыға жоғары болатын өлшемдермен сәйкестеп градуирлейді. Градуирлеу процесі кезінде қателіктер кетуі мүмкін, бұл прибордың дәлдігін төмендетеді. Стрелкасы бар прибордың көмегімен тікелей бақылау әдісін қолданып өлшеу кезінде көбіне параллакс қателігі кетеді. Осы қателікті болдырмау үшін көптеген тәсілдер қолданылады. Приборлардың көпшілігінде стрелка мен шкаланың аралығы 1-2мм болады. Прибордың көрсетуін дұрыс жазып алу үшін стрелканың үстінен тік перпендикуляр бағытта қарау керек. Кейбір стрелкалы приборларда параллакс қателігі болмас үшін айна орнатылады.