16
3. Люминесценттік (флуоресценттік) микроскоппен зерттеу – мұнда
ультракүлгін
жарық толқынымен жұмыс істейді, толқын ұзындығы 270-
400 нм (0,27 – 0,4 мкм). Осындай толқын препаратқа түскенде сәулені
сіңіре отырып, ӛзінен жарық шығарады.
Бұл құбылысты флуоресценция
дейді. Люминесценцияның екі түрін ажыратады:
аутолюминесценция
(бірінші реттік люминесценция) және
бағытталған (екінші реттік)
люминесценция. Аутолюминесценцияда гистологиялық объект алдын-ала
ӛңделмесе де жарық бӛле алады. Тірі организмнің әр-бір жасушасының
люминесценциялық қабілеті бар. Бірақ, ол ӛте тӛмен болғандықтан нашар
байқалады. Аутолюминесценция кейбір пигменттерге (хлорофилл,
бактерия пигменттері), витаминдерге (А, В) және гормондарға тән.
Мысалы, ӛсімдік жасушасындағы хлоропластар күңгір-кӛк ортада қызыл
түйіршіктер түрінде жарық шашқандай болып кӛрінеді.
Бағытталған
(екінші реттік) люминесценцияда объект люминесценциялық бояулармен
(флуорохромдармен) ӛңделген соң, олар организмнің жасушалары және
ұлпаларымен бірігіп люминесценциялық
микроскоп арқылы жақсы
кӛрінеді. Мысалы сарғыш-қызыл акридинді флуорохром нуклеин
қышқылдарымен
арнайы байланысып, ДНҚ жасыл түс, РНҚ қызыл түс
беріп жарқырайды.
Люминесценттік анализ нәтижесінде объектінің химиялық құрамы
мен заттардың мӛлшерін
анықтауға болады. Оларды фотометрлік
қондырғыштар арқылы есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: