Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет8/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   142
3. Сумен шайқау. Кӛп жағдайда фиксациядан , фиксаторды кетіру 
үшін объектіні сумен шайқайды. 
4. Қҧрғату (сусыздандыру). Объектілерді спирттердің жоғарлау 
(60%, 70%, 80%, 90%, 100%) концентрациясында, хлороформда 
орналастыру арқылы құрғатады.
5. Материалды тығыздату.
Оны объектіден жұқа кесінділер дайындауға ыңғайлы болу үшін 
жүргізіледі. Ол үшін материалды парафинде, целлоидинде немесе 
целлоидин-парафинде бекітеді. Ферменттердің гистохимиясы үшін 
материалды сұйық азотта мұздатады.
6. Кесінділерді дайындау барысында микротомдар қолданылады.


11 
7. Кесінділерден парафинді еріту - кесінділерді шыныға 
орнықтырған соң кептіреді, парафинді ксилол, толуол, бензол және т.б. 
ерітеді.
8. Кесінділерді бояу.
Бояу арқылы препараттардың контрастылығы жетіледі. Бояулар 
қышқыл, негізгі және нейтралды деп бӛлінеді. Қышқыл бояуларға 
эозинді, қышқыл фуксин жатқызада және олар цитоплазма мен клеткалық 
емес құрылымдарды бояйды. Негізгі бояуларға азур ІІ, карми, 
гематоксилинді жатқызуға болады, олар бояғыш тұздардың негізінен 
тұрады. Сол сияқты, бояулар цитоплазмалық (эозин) және ядролық 
(гематоксилин) деп те бӛлінеді.
Ҧлпалардың 
тинкториалдық 
қасиеттері
Тинкториалдық 
қасиеттер деп жасушалар мен ұлпалардың бояулармен боялу 
ерекшеліктерін айтады. Ол үшін келесі терминдер қолданылады:
1. Оксифилия – жасушалар мен ұлпалардың қышқыл бояулармен 
боялу қабілеті. 
2. Эозинофилия (оксифилияның бір түрі) – құрылымдардың 
қышқыл бояу - эозинмен боялуы.
3. Ацидофилия – оксифилия сияқты. 
4. Базофилия – құрылымдардың негізгі бояулармен боялуы.
5. Полихроматофилия - құрылымдардың негізгі және қышқыл
бояулармен боялуы. Мысалы, нейтрофилді лейкоциттер түйіршіктерінің 
боялуы. Синонимі ретінде НЕЙТРОФИЛИЯ терминін жиі қолданады.
6. Метахромазия - ӛзге түске боялу.
7. Аргентофилия – құрылымдардың күміс тұздарымен боялуы.
8. Хромофилия - құрылымдардың хром тұздарымен боялуы.
9. Кесінділердің консервациясы. Кесінділердің бетіне бір тамшы 
бальзам тамызып, жабынды шынымен бетін жабу. Бальзам кепкен соң 
микроскоп арқылы зерттеуге болады.
Объектіні трансмиссиондық электрондық микроскоппен зерттеу 
үшін, жоғарыда айтылған гистологиялық техника сияқты ӛңдеу 
жүргізіледі. Бірақ, материалдың кӛлемі 2 мм. жоғары болмау керек. 
Материалды альдегидтерде (глутаральдегидте), кейін осмийдің тӛрт 
тотығының ерітісінде қосымша бекітеді. Материалды эпон, аралдит және 
т.б. синтетикалық смолаларда бекітеді. Қалыңдығы 30-50 нм ультражұқа 
кесінділерді ультратомда дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет