Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Борпылдақ дәнекер ҧлпаның жасуша аралық заттары



Pdf көрінісі
бет111/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   142
Борпылдақ дәнекер ҧлпаның жасуша аралық заттары аморфты 
немесе негізгі заттан және коллагендік, эластиндік, ретикулалық талшықтан 
тұрады. Аморфты зат гель тәрізді сұйық құрылым, жасушалар мен 
талшықтардың арасын толтырады. Аморфтық заттың негізгі компоненті 
полисахаридтердің комплекісі – қышқыл мукополисахаридтер (гиалурон 
қышқылы, гепарин, хондроитин күкірт қышқылы) мен аздаған мӛлшерде 
нейтральдық мукополисахаридтер және бейколлагендік белоктар да 
кездеседі, қоймалжың субстанция, интегратты – буферлі жүйе деп 
аталады.
3 – сурет.  
Қан тамыры қабырғасының 
ультрақҧрылымдық 
ҧйымдасуы. 
1 — эндотелиоцит, 2 — 
базальді 
мембрана, 

— 
перицит, 4 — пиноцитозды 
микрокӛпіршік,
5 — эндотелиалді жасушалар 
арасындағы жанасу зонасы 
( Козлов бойынша). 
 


137 
 
 
Дәнекер ұлпасының әртүрлі бӛліктеріндегі негізгі заттың мӛлшері 
біркелкі болмайды. Қылтамырлар мен ұсақ тамырлардың маңында және май 
қабаттары бар бӛліктер мен ретикулалық жасушаларға бай ұлпаларда негізгі 
зат аз болса, ал шығу тегі басқа ұлпалардың шекарасында (эпителиймен 
шектелген) негізгі зат кӛп болады. 
Аралық заттың күйі мен құрылысы түрлі жағдайларға байланысты 
ӛзгеріп отырады. Мысалы, оның ӛткізгіштігі ӛзгереді.
Негізгі зат заттардың алмасуында маңызды рӛл атқарады. Сонымен 
бірге бактериялардың организмге таралуына кедергі болады. Негізгі затта 
коллагендік, ретикулалық және эластиндік талшықтар орналасқан. 
Коллагенді талшық дәнекер ұлпаға мықтылық қасиет беретін, әртүрлі 
бағытта, немесе ретімен орналасқан қалыңдығы 1-3 мкм, ал ұзындығы 
әртүрлі болып келетін фибриллярлы белок. Тармақталмайды, бірнеше 
талшықтар қосылып шоғыр түзейді. Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан 
кейін еріп, желімге айналады. Осы қасиетіне қарай коллагенді деп атаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет