Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет112/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   142
Эластинді талшықтар эластин белогінен түзілген, физикалық 
қасиетіне қарай бұларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды. 
Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға карама-қарсы. 
Олар ӛте созылмалы, оңай үзіледі және шоғыр құрамайды. Құрамында
микрофибриллалар мен аморфты компоненттер бар. Пісіп жетілген 
эластин талшықтарының құрамының 90% аморфты компонент, 10% 
эластин белогы. 
Ретикулалық талшықтар жай әдістермен ӛңдегенде нашар 
байқалады. Дәнекер ұлпаны күмістің тұздарымен ӛңдегенде жақсы 
кӛрінеді, сондықтан аргирофилдік талшықтар деп аталған. Бұл талшықтар 
ӛте жіңішке, қысқа, жиналған кезде тор түзеді, ретикулалық (ретикула — 
тор) деп аталуы осы қасиетіне байланысты. Борпылдақ дәнекер ұлпасы 
талшықтарының арасында, құрылымы жоқ негізгі заттар болады. Оны 
4 - сурет 
Аксолотл терісіндегі 
хроматофор пигмент 
тҥйіршіктерімен толған. 
1 – жасуша ядросы, 
2 – пигмент түйіршіктері. 
 
(
http://www.google.kz/url?sa=
i&rct=j&q=%D0
) 

2 
1 


138 
жасуша аралық заттардың аморфты 
компоненті дейді

Аморфты зат 
ұлпалардың
тіршілігінде маңызды рӛл атқарады және жоғары молекулалық 
қышқыл мукополисахаридтерден, гепариннен, гиалурон және хондроидтин 
күкірт қышкылдарынан тұрады.
Ретикулалық ҧлпа  
Бұл ұлпанын аты латынның "ретикулум" (тор) деген сӛзінен 
шыққан. Құрылысы жағынан мезенхимаға ұқсас (5- сурет). Жасушалары 
тармақтарымен байланысып тор құрайды. Тордың қуысында ұлпалық 
сұйық зат болады. Сонымен бірге кӛп мӛлшерде қан жасушалары да 
кездеседі. Ретикулалық ұлпаның мезенхимадан айырмасы жасушалардың 
бетінде орналасқан коллаген белогінің фибриллалары мен фибриллаларды 
байланыстыратын аморфтық жасуша аралық заттың ішінде ретикулалық 
талшықтар болады. Ретикулалық талшықтар коллагендік талшықтардан 
амин
сандық қатынасы жағынан айырмашылығы бар және ретикулалық
талшықтарда қышқыл мукополисахаридтер болмайды, липиттер кӛп 
болады. Ретикулалық ұлпа организмінің кӛптеген жерінде, әсіресе сүйек 
майында, кӛк бауырда, лимфа бездерінде, тамақтың бадамша бездерінде 
ішектің кілегейлі қабықшасында кӛп болады. Ретикулалық ұлпаға
фагацитоздық қасиет тән. Кӛк бауыр мен лимфа бездерінің ретикулалық 
ұлпасы арқылы үнемі қан мен лимфа сүзіліп отырады. Сондықтан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет