140
Бұл
ұлпада жасушалар аз болады, олар негізінде фибробластар,
фиброциттер және борпылдақ дәнекер ұлпасының құрамында болатын
кейбір жасушалар кездеседі.
Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпалардың
талшықтар шоғырларына
ретпен орналасу заңдылығы тән және ол ұлпаға әсер ететін
механикалық күштердің бағытына сәйкес келеді. Ұлпаның негізгі
массасын құрайтын талшықтар түріне байланысты
қалыптасқан дәнекер
ұлпасын
коллагенді және
серпілмелі (эластикалық) деп екіге бӛледі
(8 - сурет).
Коллаген талшықтары бір-біріне параллель және тығыз орналасады.
Талшықтар шоғырының арасында саңылаулар болады, ондағы аморфты затта
фиброциттер жатады. Фиброциттер немесе сіңір жасушалары,
бірінші
реттегі
коллаген талшықтар шоғыры тізбектерінің арасында орналасады.
7 – сурет.
Тығыз талшықты
қалыптаспаған
дәнекер ҧлпа
1 – коллаген
талшықтар,
2 – фиброциттер
ядросы
2
1
8 – сурет
Тығыз талшықты
қалыптасқан дәнекер
ҧлпа
Сіңірдің ұзына бойлай кесіндісі
1 - коллагенді талшықтар бумасы
2 - фиброциттер
3 – борпылдақ дәнекер
ұлпаның
қабаттары
3
141
Бірінші
реттегі коллаген шоғырлары бірігіп,
екінші реттегі шоғырларды
құрайды. Оларды
эндотеноний (tendo — сіңір)
деп аталатын борпылдақ
қалыптаспаған дәнекер ұлпаның жұқа қабаты қоршап тұрады. Осы
принциппен екінші реттегі коллаген шоғырлары,
ҥшінші реттегі шоғырларға
бірігеді, бұларды да дәнекер ұлпасы қаптайды, бірақ олардың дәнекер
ұлпалық қабы қалың болады және
перитеноний деп аталады.
Тығыз
қалыптасқан
серпілмелі
дәнекер
ұлпасы
адам
мен
сүтқоректілерд
е желке мен дыбыс тарамыстарын құрайды.
Бұл ұлпаның
құрылысы тығыз қалыптасқан коллагендік дәнекер ұлпасына ұқсас,
айырмашылығы оның негізгі құрылымдық компоненті эластиндік талшықтар,
коллагендік талшықтар аз болады. Тығыз қалыптасқан серпілмелі дәнекер
ұлпасы шоғырларға бӛлінбейді.
Оның жасушалық элементтері, кӛбінесе, фиброциттерден тұрады, бірақ
борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпасына
тән басқа жасушалар да
кездеседі.
Соңғылары қан тамырларын бойлай эластиңді талшықтардың арасында
орналасады. Тығыз дәнекер ұлпасы түрлі эмбриондық бастамалардан
дамиды:
тығыз
қалыптаспаған
дәнекер
ұлпасы
дерматомның
мезенхимасынан, ал тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы склеротомнан пайда
болады. Эмбриондық гистогенез процесі кезінде мезенхиманың
жасушалары фибробластарға жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: