40
кӛрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластар» деп атады. Бенде 1898 жылы
бұл органоидқа
митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі
жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың
жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап кӛрсетті.
Гольджи аппараты бірінің үстіне бірі жанаса орналасқан дискі
тәрізді ірі қуыстардан (цистерналардан) тұрады. Ол қуыстардан жан-
жаққа ұштарында кӛпіршіктері бар түтікшелер тарайды. Қуыстарда
синтез және ыдырау ӛнімдері, жасушаға түсетін және жасушадан
шығарылатын заттар жиналады.
Гольджи жиынтығын ӛткен ғасырдың соңында италия ғалымы
Камилло Гольджи 1898 жылы жүйке жасушаларынан тауып, торлы
жиынтыққа бірінші болып сипаттама берген. Омыртқасыз жануарлар мен
ӛсімдіктер жасушаларында да табылған бұл жиынтықты диктиосома
(грек. "диктиес"—тор) немесе Гольджи жиынтығы деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: