Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


 Цитология - организмдегі әр-түрлі жасушалардың дамуын,  құрылысын және қызметтерін зерттейді. 3



Pdf көрінісі
бет3/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

2. Цитология - организмдегі әр-түрлі жасушалардың дамуын
құрылысын және қызметтерін зерттейді.
3. Эмбриология - жануарлар организмінің эмбрионалдық дамуының 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
4. Жалпы гистология - организмдегі ұлпалардың даму кӛзін, 
құрылысын, қызметтерін және реактивтік ӛзгерістерін зерттейді.
5. Жүйелік гистология жануарлар организміндегі мүшелердің даму 
кӛзін, эмбрионалдық даму барысын, құрылысын және қызметтерін 
зерттейді.



І БӚЛІМ «Жасушаның қҧрылысы мен компоненттері» 
 
1.1 Цитология және гистология пәніне кіріспе. Гистологиялық 
техника 
 
Сабақтың мақсаты: студенттерге цитология және гистологияның 
даму тарихы мен онда қолдынылатын зерттеу әдістерін, олардың 
принциптерін түсіндіру. 
Сабақтың сҧрақтары: 
1. Цитология және гистология пәніне анықтама, мақсаты және
міндеттері.
2. Цитология және гистологияның даму тарихы.
3. Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі сатылары,
олардың сипаттамасы. 
4. Гистохимиялық әдістер. 
5. Морфометриялық әдістер. 
Сабақ беру және оқыту әдісі: тақырып бойынша берілген 
сұрақтарға ауызша жауап алу, тестік бақылау жүргізу және тақырып 
бойынша тӛменде берілген тапсырмаларды орындау. 
Цитология - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы бір 
жасушалы, кӛп жасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын 
және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым 
құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да, 
цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, 
тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық 
биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. 
Цитология бӛліміне жататын - цитохимия пәні жасушаның 
химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы 
таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің ӛзгеруіне байланысты 
химиялық қосылыстардың ӛзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның 
негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының  ақуыз 
молекуласын  синтездеудегі генетикалық рӛлін анықтау. 
Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың ӛзгеріске 
ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рӛлін зерттеу 
де цитохимияның үлесіне тиеді. Бұдан біз цитология ғылымының кӛп 
саланы қамтитынын байқаймыз. Ӛзінің даму бағытында цитология тек 
биологиямен ғана емес, сонымен қатар медицина, ауылшаруашылық
химия, физика, математика және т.б. ғылымдармен де тығыз байланысты. 



Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде 
кең кӛлемде қолданылады.Сондай-ақ цитологияның жетістіктері кӛптеген 
ғылымның негізін салуда маңызды рӛл атқарады. Осы ашылған жаңалық 
органикалық дүние бірлігінің ӛте нанымды дәлелінің бірі болды. 
Осындай дәлелді ӛсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының 
ұқсастықтарынан да кӛруге болады.
Морфология ілімінен ӛрбіген цитология, анатомия, гистология, 
физиология, эмбриология, генетика, биохимия т. б. ілімдерімен тығыз 
байланыса келіп, клетка физиологиясы, цитохимия, цитогенетика, 
цитоэкология, салыстырмалы цитология сияқты ӛзінің тӛл тармақтарын 
туындатты. 
Цитология да  биохимия,  биофизика,  генетика  және  молекулалық
 
биология салаларындай ғылыми әдістемелік тәсілдерге жүгінеді. Осы 
тәсілдер арқылы ол соңғы жылдары клетканы жан-жақты зерттеуде 
нәтижелі жетістіктерге жетті. 
Гистология - ұлпаларды зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары 
мағанасы кеңейіп, гистология - жануарлар ұлпаларының құрылысын, 
қызметін, ағзаның әртүрлі ұйымдасу деңгейіндегі даму заңдылықтарын 
микроскоппен зерттейтін ғылым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет