Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Цитология мен гистологияның даму барысын ҥш кезеңге бӛледі



Pdf көрінісі
бет4/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Цитология мен гистологияның даму барысын ҥш кезеңге бӛледі:
1. 
микроскопқа дейінгі,
2. 
микроскоптық, 
3. 
қазіргі кездегі электронды микроскоппен зерттеу. 
Микроскопка дейінгі кезең біздің эрамызға дейінгі Y ғасырмен 
XYII ғасыр (1665 ж) аралығын қамтиды. Бұл кезеңде жануарлар мен адам 
ағзасындағы 
әртүрлі 
ұлпалардың 
сипаттамасын 
анатомиялық 
зерттеулерді қолдану арқылы анықтауға әрекеттер жасалды. Жалпы 
организмді 
ұлпаларға 
бӛлу 
жӛніндегі 
алғашқы 
пайымдаулар 
Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің және 
тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Гистология саласының 
дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың пайда болуынан басталады. Кейбір 
аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 
1590 жылы жасаған дейді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп 
құрастырған деген мәлімет бар. Алғашқы ойлап табылған микроскоптар 
ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмады. 
Микроскоптық кезең 1665 – 1950 жылдар аралағын алады. Бұл 
кезеңнің басталуы ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт 
Гуктың атымен байланысты. Ол микроскопты жасап (1 сурет), әртүрлі 
заттарға тұрақты түрде зерттеулер жүргізген, ол зерттеулердің ішінде 



биологиялық объектілер де болған.
Роберт Гук 1665 жылы ӛзі жасаған 
микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, оның жеке ұяшықтардан 
тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка" деп атады
(гректің "китос"— қуыс деген сӛзінен шыққан), ал зерттеу нәтижелерін 
«Монография» деген кітабында жариялады. Сонымен Р. Гук "жасуша" 
деген терминді алғаш қолданған ғалым. Кейінірек ағлышын ботанигі 
Неемия Грю мен италяндық дәрігер (микроскопиялық анатомияның негізін 
салушы) Марчелло Мальпиги микроскопты ӛсімдіктердің құрылысын 
зерттеуге қолданды. 1671 жылы М.Мальпиги "Ӛсімдіктер анатомиясы 
жӛніндегі түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Ӛсімдіктер 
анатомиясы" деген кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы 
"Ӛсімдіктер анатомиясының бастамасы" деген еңбегін де Лондонның 
королевалық қоғамына тапсырады. М.Мальпиги мен Н.Грю ӛсімдіктердің 
микроскопиялық құрылысын зерттей жүріп, олардың әр түрлі бӛліктерінің 
құрамында кӛпіршіктердің болатынын анықтаған (2 сурет). Голландиялық 
натуралист А. Левенгук ӛсімдіктердің клеткалық құрылысын XVII ғасырда 
зерттеген, ғылымда микроскопты қолданудың негізін салған, бірақ ол ӛзі 
ашқан жаңалықтарының маңызын ұғына алмады. Ол жануарлар клеткалары 
- эритроциттерді, сперматозоидтарды, бір клеткалы жануарларды алғаш 
зерттеп кӛрді. Сонымен, XVII ғасырда ӛсімдіктердің "клеткалық құрылысы" 
ашылды және бұл кезеңдегі микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым 
болған. Ал XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар 
еңгізілді — штативі азды-кӛпті жетілдірілді. Бірақ, сол кезде ғұмыр кешкен 
ғалымдар микроскопқа аз кӛңіл бӛлді, күнделікті ғылыми жұмысқа 
қолдана бермеді. XVII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезінде ӛсімдіктер 
жасушасын зерттеуде елеулі жаналықтар болмады. XVII және XVIII 
ғасырларда ӛсімдік жасушасының қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың 
басында ғалымдар ӛз назарын жасушаның ішікі құрылысына аудара 
бастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер жасушадағы 
ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан тауып, ұрық 
кӛпіршігі деп атады. Кейінірек ӛсімдік жасушасының ядросын 1831 жылы 
Британиялық ботаник Р. Броун ашты. Осыдан кейін жасушаның қалған 
құрылымын атау үшін Австриялық анатом, гистолог Я. Пуркинье 
«протоплазма» (1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен, 1830 
жылдары ӛсімдіктер анатомиясын зерттеу ісінде елулі жаңалықтар 
ашылды. Егер де XIX ғасырдың басында жасушаның ӛзінің не екендігі, 
ӛсімдіктердің жасушалық құрылысының маңызы жӛніндегі мәселе әлі де 
анық болмаған болса, ӛткен ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде



жағдай басқаша ӛзгерді. Барлық ӛсімдіктер организмінің құрылымдық 
элементі - жасуша екендігі белгілі болды.
XIX ғасырдың басында микроскоптық зерттеулердің кең таралуы 
жасушалық құрылыстың ӛсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне 
де тән екенін кӛрсетті. Бұл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің 
мектептері кӛп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркинье ӛзінің 
шәкірттерімен бірге адам мен жануарлардың әр түрлі ұлпаларын зерттеді. 
Я.Пуркинье микроскопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге 
микроскопиялық техниканың да негізін салушылардың бірі болды. 
Неміс биологы Иоганн Мюллер мектебі ғылым тарихында ерекше 
орын алады. Оның шәкірттері Т. Шванн, Я. Генле, Р. Ремак 
гистологияның негізін қалағандардың бірі. А. Келликердің, Р. Вирховтың, 
Э. Геккельдің, И. М. Сеченовтың енбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 
және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог 
Т. Шванн кӛптеген деректік материалдарға сүйеніп жасушалық 
теорияны құрастырды. Т. Шванн жасушаны ӛсімдіктер мен 
жануарлардың универсалдық құрылымдық компоненті деп қарастырды. 
Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі жасушалар, құрылымы 
жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Жасушалық теория 
барлық тірі табиғаттың біртұтас екендігін кӛрсетеді. Ол теория 
биологияның дамуына ғана емес, философияның да дамуына үлкен 
прогрессивтік әсер кӛрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет