Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет6/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

ГистохимияГистохимиялық әдістерде жасушалар мен ұлпалардың 
әртүрлі химиялық компоненттерін зерттеу үшін химиялық реакциялар 
қолданылады. Қазіргі кезде гистохимиялық әдістердің кӛмегімен 
жасушалардағы аминқышқылдары, белоктарды, майларды, кӛмірсуларды, 
минералдық 
заттарды және 
т.б. 
анықтауға 
мүмкіндік 
туды. 
Гистохимиялық реакциялар кезінде қолданған бояулар жасушалардағы 
зерттелетін химиялық қоспалармен бірігіп, оларды ӛздеріне тән түске 
бояйды. Гистохимияның маңызды бӛлімі – ферменттердің гистохимиясы. 
Оның кӛмегімен кӛптеген ферменттердің белсенділігін анықтауға, 



жасушалар мен ұлпалардағы зат алмасу процестерін зерттеуге болады. 
Гистохимияның бір түрі иммуногистохимия (иммуноцитохимия). 
Иммуногистохимиялық әдістер антиген-антиденешік реакцияларына 
негізделген. Организмнің әрбір жасушасының ӛзіне тән антигендік 
құрамы болады. Қай антиген болсада иммунизация арқылы оларға 
антиденешікті ӛндіруге болады. Ол кейін флуорохроммен бірігіп, 
ӛздеріне 
тән 
антигендері 
бар 
жасушалармен 
байланысады. 
Иммуногистохимия әдісі жасушалар дифференцировкасы сатысын және 
олардың құрамындағы әртүрлі заттарды анықтауға қолданылады. Кейінгі 
кездерде элктронды-микроскопиялық цито- және гистохимия мен 
электронды-иммуноцитохимия әдістері кең таралған.
Морфометрия. 
Морфометриялық 
әдістерге 
гистологиялық 
объектілердің кӛлемдерін окуляр-микрометр арқылы анықтау жатады. 
Морфометрия үшін морфометриялық тор қолданылады, ол торларда 
нүктелер орналасқан. Мысалы, жиі қолданылатын Г.Г. Автандиловтың 
морфометриялық торында екі тӛртбұрыш (квадрат) болады, оның біреуі 4 
ұсақ тӛрт бұрыштарға бӛлінген. Олардың әрқайсысында 25 нүкте бар 
(барлығы 100). Бӛлінбеген үлкен тӛртбұрышта 25 нүкте болады. 
Морфометриялық 
тордың 
кӛмегімен 
гистологиялық 
объектінің 
құрылымдарының кӛлемдік үлестерін анықтауға болады. Ол үшін торды 
кездейсоқ бірнеше рет ұлпаның немесе мүшенің кесіндісіне түсіріп, 
әртүрлі құрылымдарға түскен нүктелер саналады. Мысалы, дәнекер 
тінінде жасушаларға 10 нүкте, ал жасуша аралық затқа 90 нүкте түссе, 
жасуша аралық заттың кӛлемі 90%, ал жасушалар -10% құрайды.
Кейінгі кезде күрделі құралдардың кӛмегімен автоматизацияланған 
гистологиялық және гистохимиялық зерттеулер жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет