Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет44/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

1. Кариокинез (ядроның бӛлінуі); 
2. Цитокинезден (цитоплазманың бӛлінуі).  
Кариокинездің екі типі болады: митоз және мейоз. Әдетте
ядроның бӛлінуінен кейін жасушаның бӛлінуі жүреді, сондықтан бұл
терминдерде кариокинезді келесі жасушаның бӛлінуі деп санап, кең
мағынада қолданады.  
Әдетте, жасушаның бӛлінуі алдында, оның хромосомасында 
орналасқан ДНҚ молекуласының синтезі жүреді. Бұл, прокариоттар және 
эукариоттар жасушалары үшін жалпы ереже.  
Митоз процесі барысында хромосомалар жиынтығы диплоидты (2n)
болып келген аналық жасушадан ағзалардың ӛсуін, регенерациясын
және жыныссыз кӛбеюін қамтамасыз ететін екі жас жасуша дамып 
жетіледі, олардың хромосомалар жиынтығы (2n) диплоидты.  
Тіршілік немесе жасушалық цикл деп, белгілі уақыт аралығында
жасушаның құрылымдық және функциональдық сипаттарында жүретін 
заңды ӛзгерістерді айтады. 
Жасушалық цикл – аналық жасушаның бӛліну нәтижесінде пайда 
болған жас жасушаның келесі бӛлінуге немесе тіршілігін жоюға дейінгі 
аралықта ӛтетін кезеңдері. Жасушалық цикл келесі кезеңдерден тұрады: 
1. жасушаның кӛбею кезеңі (митоздық цикл); 
2. арнайы қызмет атқару кезеңі; 
3. тыныштық кезеңі.  
Клетка типіне байланысты тіршілік циклындағы кезеңдердің
ұзақтығы жалпы ӛзгеріп отырады (1-сурет). Ұдайы бӛлінетін ұлпаларда, 
мысалы ішек эпителийінде және тері эпидермисінде жасушалар үнемі
митоздық бӛліну сатысында болады (80%). Ал қалғандары жіктеліп, 
арнайы қызметтер атқарады. Бауырдың және бүйректің тек ғана 5-10% 
жасушалары ұдайы бӛлінеді, ал қалғандары арнайы қызмет атқарады. Бұл
мүшелердегі ұлпа жасушалары жарақаттанған жағдайда, жасушалары 
қайта жіктеліп, митоздық жолмен бӛліне алады. Жүйке және бұлшық ет
ұлпалары эмбриональды даму соңында қайтымсыз жіктеліп, арнайы 
қызмет атқарады.  


58 
Қазіргі кезде барлық эукариоттардың (ашытқылардың, ӛсімдіктердің, 
жануарлар мен адамдардың) жасушалық циклын реттейтін молекулалар 
анықталған. Жасушалық циклды бақылайтын гендердің арнайы класы
ашылған. Жасушалық циклды реттеуде маңызды рӛл атқаратындардың 
бірі – циклинге тәуелді киназа екені анықталды. Циклинге - тәуелді 
киназаның қызметін реттейтін арнайы белоктар – циклиндер болатыны 
ашылды. Олар әр жасушалық цикл барысында пайда болып, ыдырап 
отырады. Бұл протеиндердің деңгейі жасушалық циклдың кезеңдері 
барысында ӛзгеріп отыратындықтан, оларды циклиндер деп атаған. 
Қазіргі кезде, адамдардың онға жуық әртүрлі циклиндері белгілі. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет