Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет41/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

конститутивтік 
(құрылымдық) 
және 
факультативтік  деп ажыратады.
Конститутивтік гетерохроматин хромосомалардың центромералары 
маңында және телоцентромерлік бӛліктерде орналасады. Олар 
транскрипция жүрмейтін ДНҚ-дан түзілген. Оны мейоз кезінде 
гомологтық хромосомаларды ӛзара тануда қолданады және ол кӛршілес 
құрылымдық гендерді бір бірінен бӛліп тұрады. Факультативтiк
гетерохроматинге гомогаметалы ағзалардың қалыпты
жасушаларындағы екі жыныс
Х–хромосоманың (әйел жасушасында) бiреуiнен түзілетін жыныс 
хроматинінің денешігі мысал бола алады. 
 Политения - деп хромосомалардың жiңiшке құрылымындағы 
хромонемалардың екi еселенiп, сандарының 1000-2000 дейiн кӛбеюiн 
айтады, бiрақ хромосомалар санының артуы жүрмейді. Хромосомалар – 


53 
алып хромосомаларға айналады. Политения кейбір арнайы жасушаларда 
байқалады, мысалы қосқанаттылардың сілекей безінде. Эволюция 
барысында әр түрде қалыптасқан тұрақты және ӛзіндік ерекше 
хромосомалар жиынтығы бар. Хромосомалардың сапалық және сандық 
белгілерінің жиынтығын кариотип деп белгілейді. Оны идиограмма 
түрінде кӛрсетуге болады, онда жұп хромосомаларды мӛлшерінің 
кішіреюіне қарай орналастырады. 
Студенттердің ӛзіндік орындайтын жҧмыстарына тапсырмалар: 
1 Препарат. Құйрықты амфибияның (аксолот) бауыры.
Бояуы: гематоксилин-эозин.
Омыртқалы 
жануарлардың 
ішінде 
құйрықты 
амфибияның 
жасушалары ірілеу болып келеді. Сондықтан, жануарлар жасушасымен 
танысу үшін бұл препарат ӛте ыңғайлы объект. 
Препаратты кіші ұлғайтқышпен қарағанда пішіндері кӛп бұрышты 
бір топ жасушалар кӛрініс берсе, үлкен ұлғайтқышпен қарағанда 
гематоксилинмен күлгін түске боялған жасуша ядросы жақсы кӛрінеді. 
Жасуша цитоплазмасының басым бӛлігі қызғылт түске боялған, бірақ 
онда ашық күлгін түске боялған (әлсіз базофильді) түйіршіктер де 
кездеседі. Жасуша плазмолеммасының қалыңдығы субмикроскопиялық 
болмғанымен, оның орналасқан жері – цитоплазма шекарасы – жақсы 
кӛрінеді. 
Жасушаның суретін салып белгілеңдер: 1 - жасуша ядросын, 2 – ядро
мембранасын, 3 – ядрошықты, 4 – ядро шырынын. 
2 Препарат. Адам қанының жұғындысы. 
Боялуы: Романовский-Гимза тәсілімен боялған. 
Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен препараттан сегменттелген 
ядросы бар ашық түсті шар тәрізді дӛңгелек клетканы тауып, үлкен 
ұлғайтқышқа ауыстырыңдар. Тапқан жасушаның суретін салып, оның 
компоненттерін белгілеңдер: 1 – ядросын, 2 – цитоплзмасын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет