63
Митоздың биологиялық маңызы
Митоздың биологиялық маңызы – ұрпақтан ұрпаққа жасушалардағы
хромосомалар санының және тұқым қуалайтын ақпараттың мӛлшері мен
мағынасы бойынша ӛзгермей берілуін қамтамасыз етеді.
Хромосомалар:
а) генетикалық ақпараттың сақталуын,
б) сол ақпараттың жасушалар
құрылымын жетілдіріуге және
сақталуына пайдалануын,
в) тұқым қуалайтын ақпараттың іске
асырылуын реттеуді,
г) генетикалық материалдың екі еселенуін (ӛзін ӛзі еселендіру),
д) оның аналық жасушадан ұрпағына берілуін қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге митоз келесі маңызды процесстерді қамтамасыз етеді:
эмбриональдық дамуды, ӛсуді (гиперплазия), мүшелер мен ұлпалардың
қайта қалпына келуін (мысалы, шаянтәрізділердің аяқтары),
қызмет
атқару барысында жасушалардың ұдайы жаңаруына байланысты
ұлпалардың
құрылымдық
біртұтастығын
сақтауды
(жойылған
эритроциттердің
орнын алмастыру, түлеген тері жасушаларының, ішек
эпителийінің қалпына келуін және т.б.). Кӛптеген
ағзалар жыныссыз
жолмен митоздық бӛліну арқылы кӛбейеді.
Митоздық жолмен ӛсімдіктер жасушасының бӛлінуін 1874 жылы
орыс ботанигі И.Д.Чистяков, ал жануарлар жасушасында жүретінін 1878
жылы орыс гистологы П.И.Перемежко ашқан. Бірақ, митоз процестерінің
морфологиясын ӛсімдіктерде нақты зерттеген - Э.Страсбургер (1844 -
1912), жануарларда зерттеген – В. Флемминг (1843-1905).
Достарыңызбен бөлісу: